È

«M3GAN»: Джейсон Блум мен Джеймс Ван жаңа хоррор өндірісі үшін бірікпек

«M3GAN»: Джейсон Блум мен Джеймс Ван жаңа хоррор өндірісі үшін бірікпек

Продюсер Джейсон Блум («Өткір заттар» хикаясы, «Қиямет түні. Бастама») және режиссер Джеймс Ван («Қарғыс 2», «Форсаж 7») «M3GAN» жаңа хоррорының өндірісі үшін бірігетін болды. Акела Купер («Люк Кейдж», «Жүздік» хикаялары) қанішер-қуыршақ жайлы жобаның сценарийін жазып қойды, түсірілімі осы күзде басталады. «M3GAN» режиссері болып австралиялық Джерард Джонстоун («Үйге байланғандар») тағайындалды.

Блум мен Ван бұрынғы достар және аяқ астынан хитке айналған «Астрал» франшизасынан бастап шығармашылық қарым-қатынас орнатып жүр. Джеймс Ван бұл туралы былай дейді: «Мен үшін Джейсон екеуіміз бірге «Астралмен» жұмыс істеген кездер керемет еді, бұл фильм бізді танымал қылды. Мен неден бастағанымды ұмытпаймын, сол үшін Джейсонға алғысым шексіз. Жасырмаймын, содан бері бірігіп істейтін қолайлы жұмысты іздедік».

Сонымен қатар, Блумның пікіріне назар аударайық: «Егер Джеймс сіздерге бір сағатын бөлсе, оның бағасы шексіз болмақ. Ол әрдайым тамаша ұсыныстар айтады және барлығына деген көзқарасы ерекше».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер