2016 жылдың көрсеткіші Голливуд үшін сәтсіз болды және былтырғы 2015 жылдан қарағанда әлдеқайда төмендеу. Мамандар 2016 жылды ең сәтсіз жыл деп бағалап отыр.
Биылғы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейінгі аралықта сәтті шыққан фильмдердің саны тура былтырғыдай, алайда былтырғымен салыстырғанда екі есе сәтсіздікке ұшырады. Бүгінгі күні үмітті ақтамаған картиналардың саны он бес, былтырғы жылы ьұл көрсеткіш сегіз болған. Өзін өзі ақтай алмаған фильмдер қатарында: «Черепашки-ниндзя 2», «Белоснежка и охотник 2», «Тарзан. Легенда», «День независимости: Возрождение» және «Охотники за привидениями», бұлардың жалпы бюджеті 200 миллион доллар, бірақ кассалық жиыны шығынын әрең ақтады.