Мадс Миккельсен «Звездные войны» фильміне алдын ала тыңдаусыз қабылданған
Голливудтың актерлері «Звездные войны» әлемдік аңызына қатысуды армандайды. Жас Хан Соло туралы спин-офф кастингіне екі мыңдай үміткер келген. Бірақ Мадс Миккельсеннің жолы болғандай бәріне бірдей сәттілік серік бола бермейді. Ол кастингке келмеген, оған режиссердың өзі хабарласып, жобаға шақырған.
«Изгой-один: Звездные войны. Истории» спин-оффында Мадс Миккельсен бас кейіпкердің әкесін ойнады. Фелисити Джонс, Диего Луна, Фореста Уитакера басқа да жұлдыздар секілді ол спин-оффқа алдын ала тыңдаусыз келді, оны режиссердың өзі шақырды.
Бұл туралы актер Metro журналына берген сұқбатында айтып берді. Мадс бір күні «Изгой-один» режиссер Гарет Эдвардспен Скайп арқылы сөйлескен. «Мен телефон тұтқасын қойғаннан кейін маған ол нөмерді шатастырып хабарласқан болар деген ой келді. Мен қайта хабарласып, анығын білгім келді. Мен өзімнің атақты аңызға қатысатыныма сенер сенбесімді білмедім».








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін