Майкл Рэдфорд Александр Невский туралы фильм түсірмек
Британдық режиссер, сценарист және екі мәрте Оскар иегері («Почтальон» фильмі үшін) Майкл Рэдфорд Manuela Noble’s Wacha Films үшін «Александр Невский» эпосы бойынша тарихи фильм түсірмек. Рэдфорд атақты орыс князы туралы сценарий жазбақ. Невский өзінің бауыры крестшілер қолынан қаза тапқаннан кейін ол үйінен кетуге мәжбүр болды. Біраз уақыт өткеннен кейін ол соғыста орыс жерін азат етіп, княздықтың басын біріктіру үшін Отанына қайта оралады. Өзінің осы ерлігі мен еңбегі үшін оны Православты Шіркеу әулиелер санатына қосқан.
Канн фестивалі аясында Майкл Рэдфорд хабарлағандай, болашақ кинолентада құрлықтағы және теңіздегі өте үлкен масштабтағы соғысты көрсететінін айтты. Сондай-ақ картинада махаббат та бар. Идеясын жариялайтын орын әдейі таңдалды, Канн фестивалінің соңында идея авторлары өз жобаларын жүзеге асурт үшін демеушілер табуға ниетті. Ең алғаш Александр Невский туралы тарихи картинаны 1938 жылы Сергей Эйзенштейн түсірген болатын.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін