È

Асқар Ұзабаев «Гламур для дур» фильмін түсіреді

Асқар Ұзабаев «Гламур для дур» фильмін түсіреді

Басты рөлдердің бірінде продюсер, актриса Баян Есентаева ойнайды.

«Бұл өте бір романтикалық комедия болады, ал ең бастысы соңында үйлену тойы болмайды. Фильмде тіпті үйлену тойы туралы сөз жоқ– дейді режиссер.

Актерлік құрам енді-енді жасақталып жатыр, бірақ қазірдің өзінде фильмге көрерменге жақсы таныс белгілі актерлер мен КВН жұлдыздары түсетіні белгілі.

«Абайлаңыз, сиыр!» комедиясынан кейін біраз ұзақ уақыт үлкен кино түсірген жоқпын. Қазір қайта оралып, 2 жылдан кейін де комедия түсіре алатынымлы дәлелдеу керек, – деді Асқар.

Ұзабаевтың айтуынша, болашақ жоба – Қазақстанда болып жатқан фильм-оқиға. Фильм Алматыда түсіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Ұзабаев пен Баян Есентаева «Ғашық жүрек» фильмінен бастап бірге жұмыс істей бастады. Одан кейін олар «Тракторшының махаббаты», «Махаббатым жүрегімде», «Абайлаңыз, сиыр!» киноленталарын бірге түсірді.

Продюсер мен режиссердың бірлесіп жасаған жобалары отандастырымыздың арасында өте танымал, демек келесі картина да кезекті хит болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер