Майкл Шеннон ешқашан Дональд Трампты сомдамайды
Екі рет «Оскарға» ұсынылған танымал актер Майкл Шеннон («Су қалыбы», «Түн жамылғанда») Playboy журналына берген сұхбатында қазіргі АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты пікірін ашық білдірді: «Ол бұл қызметке лайық емес. Көптеген адамдар Құрама Штаттарының президенті болу үшін ауыр жолды жүріп өтеді, ал ол мұны айналып өтті. Бұл жынды еліміздің конституциясында не жазылғанын да білмейді».
Актер өзіне қойылған «бір күні Трамп рөлін сомдай ма» деген сұраққа «Жоқ» деп қысқа қайырды. «Азап шегіп жүрген оңбағандарды ұнатамын деген едіңіз. Сонда, оның ойында не болып жатқанын білгіңіз келе ме?», - деген сұраққа Шеннонның берген жауабы: «Сізді кімді меңзеп тұрсыз? Ол тіпті азап шеге ме?».
«Ол уақыты керемет өткізеді. Ол тарихты, саясатты, басқа дүниелерді дұрыс білмейді. Ол жол апатынан зардап шеккен соқыр», - деді Шеннон Трамптың өз жындарымен күресі туралы сұрағанда. Президентке деген аяушылық пен ұнатуға қатысты сауалға актер мысқылдап былай деді: «Қандай ұнату жайлы сөз болуы мүмкін...».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін