È

Марго Робби ойын кәсібі жайлы «Қауіпті бәстер» қылмыстық драмасында басты рөлді сомдайды

Марго Робби ойын кәсібі жайлы «Қауіпті бәстер» қылмыстық драмасында басты рөлді сомдайды

 

Bold Films компаниясы Марго Робби басты рөлді сомдайтын («Тоня барлығына қарсы шығады», «Қош бол, Кристофер Робин») «Қауіпті бәстер» жобасын қаржыландырумен айналысады. Осы жылы «Оскар» жүлдесін иеленген актриса заңсыз спорт бәсі империясының бірінші ханымы Мариса Ланкестердің рөлін сомдайды. Бұл жобаға Роббидің LuckyChap Entertainment продюсерлік компаниясымен алдын-ала келісімге отырған Warner Bros-та қолдау көрсетеді.

«Қауіпті бәстер» фильмінің сюжеті басында - «Менің жасырын өмірім заңсыз спорттық бәстің миллиардтаған доллар айналымының ішінде» тақырыпшасымен басталатын аттас Ланкестер естеліктер жазбасына негізделген. 2015 жылдың қаңтарында Warner Bros жарыс саудада кітаптың экрандау құқығын ұтып алды. Кітаптың экрандық бейімделуімен «Көше дауысы» және «Мұнаралар-егіздер» таспаларымен танылған сценарист Андреа Берлофф айналысады.

Ланкестер әңгімесі – балалық шағы кедейлікпен өткен байлар туралы әңгімелер. Ол бас кейіпкер табысты қылмыстық мансабын құратын 80-ші жылдар кезеңін көрсетеді, кейіннен Доминикан Республикасында жасырын құмар бизнесінен миллиардтаған доллар әкелетін қылмыстық империяны басқарады. Bold Films басшысы Мишель Литвак «Біз Марго Роббидің мансабының маңызды тұсында онымен бірге жұмыс істегенімізге өте қуаныштымыз. Ол Мариса Ланкестердің мінезін және шындық оқиғаны көрсететін таңқаларлық жобаны шығаруға дайын», - деген пікір білдіреді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер