È

Марк Уолберг 2017 жылдың ең жоғары қаламақы алатын актері атанды

Марк Уолберг 2017 жылдың ең жоғары қаламақы алатын актері атанды

«Forbes» кәсіби басылымының жыл сайын ең жоғары қаламақы алатын актер мен актрисалар рейтингін жасайтынын барлығымыз білеміз. Жақында журнал биылғы жылдың үздіктерін жариялады. Былтырғы жеңімпаз Дуэйн Джонсонды екінші орынға ығыстырып, Марк Уолберг бірінші орынды иемденді. Forbes-тің есептеуінше, 2016 жылдың маусымынан бастап, биылғы жылдың маусым айына дейін Марк Уолберг $68 миллион табыс тапқан. Актер табысының біршамасын «Трансформерлердің» бесінші бөліміне және «Қош келдің, әке, Жаңа жыл!» комедиясының сиквеліне қатысып алған.

2017 жылы ең жоғары қаламақыға ие болғандардың толық тізімі мынадай:

1. Марк Уолберг $68 миллион доллар табысымен

2. Дуэйн Джонсон $65 миллион доллар табысымен

3. Вин Дизель $54,5 миллион доллар табысымен

4. Адам Сэндлер $50,5 миллион доллар табысымен

5. Джеки Чан $49 миллион доллар табысымен

6. Кіші Роберт Дауни $48 миллион доллар табысымен

7. Том Круз $43 миллион доллар табысымен

8. Шах Рукх Кхан $38 миллион доллар табысымен

9. Салман Кхан $37 миллион доллар табысымен

10. Акшай Кумар $35,5 миллион доллар табысымен

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса