Мартин Скорсезе жаңа картинасын түсіруді аяқтады. «Молчание» деп аталатын кинолента биылғы жылдың 23 желтоқсанында жарыққа шығады.
Сюжет екі монах-иезуит туралы. Олар зорлық-зомбылыққа ұшырап, Күн шығыс еліндегі саяхаты кезінде олардың ізін аңдиды. Осы сапарларында олар өздеріне арқасүйер адам тауып, христиан дінін таратпақ болады. Фильмніңсюжеті жапон жазушысы Сюсаку Эндо шығармасының желісіне негізделген. Кинофильмде рөлдерді Лиам Нисон, Эндрю Гарфилд, Адам Драйвер және басқалар орындады.