È

Медет Шаяхметов пен Азамат Дулатов Скриптонитке жаңа бейнебаян түсіріп берді

Медет Шаяхметов пен Азамат Дулатов Скриптонитке жаңа бейнебаян түсіріп берді

Желіде танымал орындаушы Скриптониттің (Әділ Жәлелов –Ред. ескертуі) Jillzay-мен бірге орындаған «Сауық кеші» («Вечеринка») және «Бар - 2 Лесбухи» атты екі композициясына түсірілген жаңа бейнебаяны жарияланды. Бейнероликтің режиссері - Медет Шаяхметов, ал қоюшы-операторы - Азамат Дулатов. Алты минуттық бейнебаянды жарты милионнан астам адам тамашалап үлгерген.

Медет Шаяхметов – қазақстандық жас режиссер. Оның алғашқы «Escape» қысқаметражды фильмі «Sedona International Film Festival» кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысқан. Оның фильмдерінің арасында «Brothers» қысқа метрі мен «Q-елі» телевизиялық ситкомы бар.

«Сауық кеші» мен «Бар - 2 Лесбухи» бейнебаянынан көрініс

Азамат Дулатов – еліміздегі сұранысқа ие операторлардың бірі. Оның қоржынында 20 шақты жоба бар, олардың ішіндегі танымалдары: «Келінка Сәбина», «Шлагбаум», «30 жаста тұрмысқа шығу». Дулатов «Тараз» картинасындағы жұмысы үшін «Genre Celebration Film Festival» Халықаралық фестивалінде белгіленген.

Медет пен Азамат үшін «Сауық кеші» («Вечеринка») бірігіп жасаған бірінші жұмыстары емес. Олар бұрын келесі орындаушылармен бірге жұмыс істеген: Бахтияр Мамедов (JahKhalib) - «Періште шоқжұлдызы», Ғалымжан Молданазар - «Жауап бар ма?», Big Som және Луина - «Жақынырақ», L`One и MONATIK - «Түс».

 

Превью: Арнай Ормаш

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса