«Мэри Поппинс қайта оралады»: Disney-дің отбасылық шытырман оқиғасының алғашқы көріністері

Бэнкс жанұясының әсерлі хикаялары жалғасады! Disney-де режиссер Роб Маршаллдың «Мэри Поппинс қайта оралады» отбасылық картинасының алғашқы көріністері пайда болды. Бұл таспаның сценарийін Дэвид Мэги бүкіл әлемдегі балалар жақсы көретін П.Л.Трэверстің кітаптарының желісімен жазған.

1964 жылғы классикалық картинаның музыкалық жалғасы Мэри мен досы Джектің жаңа хикаяларын баяндайды, олар Бэнкс жанұясының болашақ ұрпақтарымен жолығады.

Музыкалық жарқын хикая жаңа кезеңдегі балалар мен ересектерге қиын кездерде де таң қалуға және ерекше сезімге орын табылатынына сенімді қайталанбас бала күтушімен ұмытылмас кездесу сыйлайды.

«Мэри Поппинс қайта оралады» фильміне Эмили Блант, Лин-Мануэль Миранда, Колин Фёрт, Бен Уишоу, Джули Уолтерс, Эмили Мортимер, сондай-ақ Дик Ван Дайк, Мэрил Стрип және Анджела Лэнсбери түсті.

«Мэри Поппинс қайта оралады» қазақстандық ауқымды айналымға Meloman Entertainment компаниясының топтамасында 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап шығады.

.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін