È

«Мэри Поппинс қайта оралады»: Disney-ден алғашқы трейлер

«Мэри Поппинс қайта оралады»: Disney-ден алғашқы трейлер

Бүгін таңертең Walt Disney Pictures-ден «Мэри Поппинс қайта оралады» фильмінің алғашқы трейлері дебют жасады. Біз бұл роликтен есейіп қалған, бірақ бұрынғыдай Черри Три-Лэйн мекен-жайында тұратын Джейн Бэнксті (Эмили Мортимер, «Матч Поинт», «Сити-Айленд») және Майкл Бэнксті (Бен Уишоу, «Бұлтты атлас», «Парфюмер: Бір өлтірушінің оқиғасы») көре аламыз. Танымал жұлдыз Эмили Блант («Поездағы қыз», «Кісі өлтіруші») басты рөлдегі Мэри Поппинсті сомдайды, ал Лин-Мануэль Миранда («Гамильтон») және Мэрил Стрип («Құпия құжаттама») картинада екінші қатардағы рөлдерде бой көрсетеді. Түсірілімді режиссер Роб Маршалл («Ұзаған сайын орманға...», «Кариб теңізінің қарақшылары: Біртүрлі жағалауларда») басқарады.

«Мэри Поппинс қайта оралады» ресми синопсисінен төмендегілерді білуге болады: Эмили Блант сиқырдың бірегей дағдылары бар мінсіз бала күтуші ретінде кез-келген нәрсені ұмытылмас, фантастикалық оқиғаға айналдыра алады. Лин-Мануэль Миранда Лондон көшелеріне жарық пен өмір сыйлайтын оптимистік шырақшы, досы Джектің рөлін сомдайды. «Мэри Поппинс қайта оралады» негізінен, 1964 жылғы «Оскарға» бірнеше рет ұсынылған танымал фильмнің жалғасы болып табылады. Жаңа таспаның әрекеттері 20 жыл алдыға қарай ойысып, Лондондағы Ұлы тоқырау уақытын сипаттайды. Есейіп қалған Джейн Майклдың үш баласымен бірге Майклдың әйелінің өлімінен кейін бұрынғы бала күтушісіне барады.

Қазақстандағы ауқымды айналымға «Мэри Поппинс қайта оралады» 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап Meloman Entertainment компаниясының таратуымен шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

8 наурыз 2018, 00:23

ждем этой встречи, звучит это встреча так желанно. думаю, в этом есть новая ностальгия.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер