È

Мэрил Стрип Харви Вайнштейнді «бейшара қанаушы» деп атады

Мэрил Стрип Харви Вайнштейнді  «бейшара қанаушы» деп атады

Мэрил Стрип Харви Вайнштейн әрекеттеріне қарсы құқықтық дауда өзінің есімін қолдануға қатысты ұстанымын қатаң түрде ескерте кетті. «Харви Вайнштейннің адвокаттары менің арызымды дәлел ретінде пайдалануы, біздің іскерлік қарым-қатынасымызда ол өзін қорлауға жол бермеуі және жыныстық қатынасқа қатысты қол сұғушылыққа бармауы, оның көптеген басқа әйелдермен осылай жасамағанын білдірмейді. Ол – бейшара қанаушы», - деп өз ойын білдірді танымал актриса.

«Оның бар айыбы өзіне қатысты. Харвидің көптеген тамаша адамдар жасаған жақсы фильмдерді қаржыландырғанына қарамастан, жүйеде әділеттілік болуы тиіс», - деп атап өтті Стрип. Бұл арыз Вайнштейннің Мэрил Стрип, Гвинет Пэлтроу және Дженнифер Лоуренстің есімдерін пайдаланып, өзі жұмыс істеген актрисалардың бәрінің бірдей тәжірибесі жаман емес екенін дәлелдеуге тырысуынан кейін пайда болған еді.

Масқара болған дөкейдің адвокаттары оны қолдап, беделіне нұқсан келтіретін жыныстық қатынасқа қатысты дау-жанжалға қарамастан, онымен бірге жұмыс істеуін жалғастырған осы үш танымал есімді әйелдерге үлгі ретінде қолданды. Бұдан бұрын алты актриса Вайнштейннің әйелдерді қорқытып, өзінің продюсерлік позициясын пайдаланғаны туралы топтық мәлімдеме жасаған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер