Мэрил Стрип «Үлкенді-кішілі өтірік» хикаясының екінші маусымына қатысады
Мэрил Стрип («Мэдисон өңірінің көпірлері», «Жұмбақ құжаттама») «Үлкенді-кішілі өтірік» хикаясының екінші маусымына қатысады. Актриса Монтерейге немерелеріне қарауға келген және сұрақтарына жауап іздейтін Александр Скарскардтың анасы Мэри Луиз Райттың рөлін сомдайды. Өткен айда HBO арнасы «Эмми» жүлдесін алған кіші көлемді хикаяның актерлік құрамының көп бөлігі екінші маусымға қатысатынын хабарлаған болатын.
Сонымен, қазіргі уақытта, тек Николь Кидман және Риз Уизерспун ғана жобаға қатысатындарын растады. Екінші маусым да Лиана Мориартидің хикаясына сүйенетін болады. Дэвид Э. Келли хикаяның жетекшісі ретінде қала бермек. Андреа Арнольд («Америкалық сүйкімді қыз», «Найзағайлы өткел») барлық жеті бөлімнің режиссері болады. Алғашқы маусымы HBO үшін табысы болды және өткен жылдың қыркүйек айында 8 категория бойынша жеңіске жетіп, «Эмми» сыйлығының 16 номинациясын иеленген болатын.
Осы жылы да «Үлкенді-кішілі өтірік» драмасы «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімінде төрт бірдей мүсіншені иеленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Мэрил Стрип үшін бұл 2004 жылы «Эмми» жүлдесін алған HBO-ның «Америкадағы періштелер» хикаясынан кейінгі телевидение саласындағы алғашқы ірі жұмысы болмақ.









пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін