È

«Оскар 2018»: 2017 жылғы үздік фильмдердегі үздік актрисалар

«Оскар 2018»: 2017 жылғы үздік фильмдердегі үздік актрисалар

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша басты әйел рөлін сомдаған «Оскардың» бес үміткері келесідей болуы мүмкін:

1. Фрэнсис МакДорманд («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)

2. Сирша Ронан («Құс ханым»)

3. Салли Хокинс («Су қалыбы»)

4. Мэрил Стрип («Құпия құжаттама»)

5. Марго Робби («Тоня барлығына қарсы»).

Егер осылардың барлығы «Үздік әйел рөлі» номинациясының шорт-парақшасына енсе және осы фильмдер «Үздік фильм» іріктеуіне өтсе, соңғы рет 40 жыл бұрын болған жағдай орын алар еді. Дәл осындай жағдай Голливудта 1978 жылы болған, Дайан Китон Вуди Алленнің «Энни Холл» комедиясына қатысқаны үшін лайықты бағаланды, ал фильмнің өзі «Үздік фильм» атанған.

1978 жылға дейін мұндай оқиға үш мәрте болды. 1935 жылы Клодетт Кольбер «Бұл оқиға бір күні түнде болған» фильмі үшін «Оскар» иеленді, бірақ ол уақытта жүлдеге үш емес, бес үміткер таласқан-ды. 1940 жылы Вивьен Ли төрт үміткерді басып озды, осылайша «Желмен ғайып болғандар» фильмі оның өмірінен маңызды орын алды. 1941 жылы Джинджер Роджерс «Китти Фойль» драмасы үшін аңсаған жүлдесіне қол жеткізді.

Үздік картина мен үздік басты әйел рөлін сомдаушылардың «Оскарды» сирек иеленуі тосын сый емес. Көптеген фильмдерде басты рөлдерді еркектер сомдайды, дегенмен былтырғы жылы «Ла-ла Ленд» «Үздік фильмге» үміткер болса, Эмма Стоун алғашқы «Оскарын» алған болатын. Былтырғы жылы протагонист әйелге бағытталған экранды хикаялардың өсуі байқалды. Сондықтан, 23 қаңтарды және нақты үміткерлер тізімінің жариялағанын күту ғана қалды. Сол кезде, осы болжамымыздың шындыққа қаншалықты сәйкес келгенін біле аламыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер