«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» айналымның алғашқы күнінде АҚШ аумағында 39 миллион доллар жинады
Marvel-дің жаңа жобасы «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» халықаралық айналымның мәліметіне сәйкес, бейсенбі күнгі көрсетілім қорытындысы бойынша АҚШ аумағында 39 миллион доллар жинады. Суперкейіпкерлер тобы рекорд жаңартуда. Бұл қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде №1 фильм.
Жаңа «Кек алушылар» Оңтүстік Кореядағы бейсенбі күнгі айналым бойынша 6,5 миллион доллар, ал Австралияда - 6,7 миллион доллар жинады. Бұл таспа Франциядағы айналымда 3.9 миллион доллар жинады және сәуір айындағы үздік көрсетілім атанды, сондай-ақ, Marvel әлеміндегі фильмдер арасынан ең үздік бастама болды. Филиппинде (2.7 миллион) және Таиландта (1.8 миллион) «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» үздік көрсетілім атанды.
Ағайынды Руссолардың фильмі АҚШ-тағы айналымға бейсенбі күні түнде шығады және кассалық жинақ жағынан суперкейіпкерлер жайлы комикстердің экрандық нұсқаларының арасында ең үздік дебют болады деп күтілуде. Алдын-ала болжам бойынша фильм Солтүстік Америкада 225 миллион долларды құрайды деп күтілуде және «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» АҚШ-тағы ең табысты көрсетілім атануы әбден мүмкін.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін