«Пленницы» фильмі арқылы аты шыққан режиссер өзінің жаңа жобасын Венециан кинофестивалінде көрсетілді. Оның «Прибытие» деп аталатын жаңа кинолентасы Стивен Спилбергтің «Близкие контакты третьей степени» фильмінің тақырыбан жақын. Алайда Вильневтің фильмі тек өзге ғаламшарлықтармен байланысты ғана емес, қазіргі замандағы адам өмірінің мәні жайлы баяндайды.
Бас кейіпкер Луиза - лингвистика маманы. Оның міндеті - өзге ғаламшарлықтардың тілін зерттеп, олармен байланысқа түсу, сөйтіп галактикааралықт соғыс туралы ескерту.
Фильм сценарийі Тед Чанның «История твоей жизни» кітабының желісі бойынша түсірілген. Чан - америкалық Қытай тумасы, оның шығармаларында шығысқа тән, табиғатпен оңашалық, өмір мәні, өлім секілді мағыналы компазициялар жиі кездеседі.
Дени Вильневтің айтуынша, Тед Чанның шығармасындағы басты тақырып - бұл өліммен бетпе-бет келу. Адам өзінің қашан өлетін күнін нақты білген кезде оның өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ол табиғат пен өмірдің нәзіктігін қабылдай түседі.