È

Showtime арнасында «Патрик Мелроуз» кіші көлемді хикаясының тұсауы кесілді

Showtime арнасында «Патрик Мелроуз» кіші көлемді хикаясының тұсауы кесілді

Showtime арнасында өткен сенбіде «Патрик Мелроуз» кіші көлемді хикаясының тұсауы кесілді. Бес бөлімді бұл жобаның басты рөлін Бенедикт Камбербэтч («Шерлок», «Дәрігер Стрэндж») сомдады. Showtime хикаяны Эдвард Сент-Обиннің Патрик Мелроуз жайлы бірнеше өмірбаяндық романдары негізінде дайындаған. Жазушы ол жерде зорлықшы әкесі мен барлығына бейжай қарайтын, үнемі үнсіз қалатын анасымен өткен қиын балалық шағын көрсеткен.

Бенедикт Камбербэтч «Патрик Мелроуздың» басты кейіпкері ретінде өзінің барлық кемшіліктерінен арылуға тырысады. Шынайы өмірде автор Сент-Обин колледжде оқып жүргенде героинді нашақор болатын. Одан бөлек, Патрик бала күнінде қалыптасқан жазылмайтын психикалық аурумен күреседі. «Патрик Мелроуздың» бақытсыз авторын бала күнінде әкесі бірнеше рет зорлаған.

Патриктың анасы Лорн рөлін Дженнифер Джейсон Ли («Аннигиляция», «Сұмдық сегіздік»), ал жазушының қазіргі өміріне әсер еткен негізгі мәселелердің себебіне айналған Камбербэтчтің экранды әкесі Роджердің рөлін Хьюго Уивинг («Намыс жолымен», «Хоббит: Бес жауынгердің шайқасы») сомдады. «Патрик Мелроуздың» әр бөлімі Сент-Обин романдарының бірінің экранды бейімдеуін ұсынады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер