È

«Әділдік одағы» фильмінің қайта түсіріліміне мұртты Генри Кавилл қатысады

«Әділдік одағы» фильмінің қайта түсіріліміне мұртты Генри Кавилл қатысады

«Warner» студиясы хитке айналған «Ғажайып әйелге» ұқсас болу үшін «Әділдік одағын» қайта түсіруді ұйғарды. Зак Снайдер отбасылық мәселелерге байланысты жобадан кетіп, оның орнына Джосс Уидон келді. Оған қайта түсіруге 25 миллион доллар бөлінді. Жаңа көріністермен жұмыс істеу 2 аптаға созылды. Өзге де жобаларда жұмыс істеп жүргендіктен, барлық актерларды бірге жинау қиын болды. Әсіресе, Генри Кавилл «Орындалмайтын тапсырма 6» атыс-шабыс фильмінің түсіріліміне қатысып жүрген. Ол келісім-шарт бойынша мұртпен жүруі тиіс, оны қырқуға құқығы жоқ еді. Сондықтан, актер «Әділдік одағында» да мұртпен жүруге мәжбүр болды. Бірақ, кейін оны сандық әдіспен алып тастайды.

Ал «Әділдік одағында» Флэштің рөлін сомдаған Эзра Миллер «Фантастикалық мақұлықтар және олар мекендейтін жерлер» сиквелінің түсіріліміне кірісіп кеткен-ді. Нәтижесінде, актерді фильмнің қайта түсіріліміне алып келу оңай болмады, өйткені «Фантастикалық мақұлықтың» жалғасында Миллердің рөлі ерекше.

Ендігі кезекте Warner осындай жобаларға қосымша бюджет пен қайта түсіруге біраз уақыт бөлетін секілді.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 шілде 2017, 22:32

ну это лучше чем ничего. они делают свою работу на славу.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер