È

«Өрмектегі өрмекші» тыңшылық триллерінің түсірілімі басталды

«Өрмектегі өрмекші» тыңшылық триллерінің түсірілімі басталды

Бельгияда Эран Риклистің («Лимон ағашы», «Сириялық қалыңдық») басшылығымен «Өрмектегі өрмекші» фильмінің түсірілімі өтуде. Басты рөлдерде - Бен Кингсли («Соғыс машинасы», «Күзетші») және Моника Беллуччи («007: СПЕКТР», «Құс жолымен»). Сондай-ақ, актерлік құрамда Ицик Коэн («Фауда» хикаясы) және белгиялық актерлар Филип Пеетерс («Лофт») пен Хильде Ван Мигхем («Топ» хикаясы) де бар.

«Өрмектегі өрмекші» таспасының түсірілімі келесі айда Нидерландта өтеді. Лондондық Film Constellation студиясы көрермендер мен таратушыларға фильмді Каннда көрсетпек. Сюжеттегі оқиға қазіргі Еуропада өтеді және шындыққа негізделген. Орта жастағы құпия агент Адерет (Бен Кингсли) өзінің ақпарат көздері арқылы Таяу Шығыстағы диктатураға арналған химиялық қарулардың сатылымы жайлы біліп қояды. Оны жұмбақ Анжеланы (Моника Беллуччи) аңдуға жібереді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер