Аннабель жайлы хоррор-франшизаның жаңа бөлімімен «Ол» авторларының бірі жұмыс істейтін болады
Ақ көйлекті көне қуыршақ Аннабель жайлы франшиза Warner Bros. айналымға шығаратын хоррорлардың арасында танымал болды. Алғашқы фильм – танымал «Дуа» картинасынан бөлініп шыққан «Аннабель қарғысы» 6,5 миллион көлеміндегі өндірістік бюджетімен айналымда 84 миллион доллар жинады. «Аннабель қарғысы: Зұлымдықтың пайда болуы» приквелі аз ғана түсірілім қаржысымен 100 миллион доллардан астам бокс-офис жинаған.
Сондықтан, Warner Bros. Аннабель жайлы үшінші бөлімнің түсірілімін дайындап жатқаны анық. Франшизаның алғашқы екі бөлімімен айналысқан сценарист Гари Доберман үшіншісінде режиссер ретінде дебют жасауда. Сюжет бөліктері әзірге құпия ұсталуда, бірақ оқиға бұл жолы да пері күшіне ие қуыршақтың айналасында өрбиді. Доберман кәсібилігіне күмән келтіре алмаймыз. Ол - Warner Bros. шығаратын қорқынышты фильмдерге арналған оқиғалардың басты мамандарының бірі. Гаридің басты жетістігі – былтырғы «Ол» хиті, ол экранды хикаяның авторларының бірі болған.
Аннабель жайлы хоррордың үшінші бөлімінің тұсаукесері 2019 жылдың 3 шілдесіне белгіленген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін