È

«Шынайы бейне»: бұрынғы тұтқын мен оның мұғалімі арасындағы қарым-қатынасты баяндайтын драманың трейлері

«Шынайы бейне»: бұрынғы тұтқын мен оның мұғалімі арасындағы қарым-қатынасты баяндайтын драманың трейлері

Джей Дюпласстың үнді-режиссерден («Үйде тұратын Джефф», «Сайрус») салмақты актерға айналуы әсерге бөлегені соншалық, бұл туралы айтпау мүмкін емес. Сценарийлер авторы әрі режиссер «Айқын» хикаясына қатысқаннан кейін айтарлықтай өзгерген сияқты. Оның «Шынайы бейне» драмасының былтырғы күзде өткен Торонтодағы тұсаукесері өте табысты болды, Дюпласс картинасының сценарийін жазып, Иди Фалькомен («Әзілкеш», «Сопрано кланы» хикаясы) бірге басты рөлдердің бірін сомдады.

«Шынайы бейненің» қосалқы сценарий авторы әрі режиссері комедиядан бастап, ойлы драмаларға дейін түсірген Линн Шелтон болды. «Шынайы бейненің» алғашқы трейлері қара комедия мен гуманистік трагедия екеуінің тамаша қосындысынан тұрады.

Дупласс жақында түрмеден босап шыққан Крис есімді жігітті сомдайды, алайда оның жазаны өтегені-өтемегені нақты түсініксіз. Ол үнемі бұрынғы ұстазы Кэролға (Иди Фалько) хат жазып тұратын. Босап шыққаннан кейін екеуінің арасында шынайы достық басталады. Бірақ, Крис пен Кэролдың арасында достықтан да жоғары бір сезімнің бары байқалады. Сюжеттің қозғаушы күші – Кэрол ұзақ жылдар бойы некеде, бірақ күйеуі екеуінің арасында сезім жоқ, олар тек қыздары үшін ғана бірге тұрады.

«Шынайы бейне» тұсаукесері 2018 жылдың 3 сәуірінде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса