È

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жаныбековты шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесілді

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жаныбековты шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесілді

Медеу аудандық соты таспа өндірісіне арналған қаржыны жымқырды деп айыпталған «Феникс» фильмінің түсірілім тобына қытысты үкім шығарды. Істің негізгі айыпталушылары: халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жаныбековке сот шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Рақымшылыққа қатысты заңға сәйкес, Жаманқұлов мырзаның шартты мерзімі 3,5 жылға дейін қысқарды.

Естеріңізге сала кетсек, «Феникс» фильмінің айналасындағы дау былтырғы жылдың жаз мезгілінде басталған еді. Сол кезде режиссер Талғад Жаныбеков Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын кинотаспаны әдейі тоқтатты деп айыптап, шағымданған болатын. Ақыры, тергеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жаңа деректер пайда болады. Яғни, мемлекеттің «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлген 79 млн. теңгеге жуық қаржысы түсірілім тобының тарапынан заңсыз меншіктелген болып шықты. Белгілі болғандай, киножобаның продюсері атанған Тұңғышбай Жаманқұлов «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы өзіне 69 млн. теңгеге жуық қаржыны иемденген. Оның 1 655 276 теңгесін Талғад Жаныбеков өзіне алған.

Тергеу қорытындысы бойынша, мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін «Қазақфильм» киностудиясының экономика және қаржы бөлімінің бұрынғы басқарушы директоры Гаухар Ысқақова мен атқарушы продюсер Наталья Юдина да кінәлі деп танылды.

Шартты мерзімнен бөлек, сот Тұңғышбай Жаманқұловтан Мәдениет және спорт министрінің пайдасына 3,4 млн. теңгеден астам қаржыны талап етіп отыр. Сонымен қатар, әртіс ұрланған 69 млн. теңгені қайтаруы тиіс. Қазіргі таңда олар 6 миллион теңгені беріп үлгерді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса