È

«Менің мәңгілік ғашығым»: кантри музыкасы романтикасы туралы алғашқы трейлер

«Менің мәңгілік ғашығым»: кантри музыкасы романтикасы туралы алғашқы трейлер

Roadside Attractions және LD Entertainment-тің «Менің мәңгілік ғашығым» фильмінің алғашқы трейлері жарыққа шықты. Туынды сүйкімділігімен және тартымдылығымен көрермендер жүрегін баурап алатыны анық.

Таспа Хайди Маклафлиннің аттас романының желісімен түсірілді, картинаға Алекс Роу («Қоңыраулар», «5-ші толқын») және Джессика Рот («Өлімнің бақытты күні», «Ла-Ла Ленд») сынды жұлдыздар қатысқан. Кантри музыкасының супержұлдызы Лиам Пэйдж (Алекс Роу) жақын досын жерлеуге туған қаласына келеді де, Джосиді (Джессика Рот) жолықтырады, ол кезінде атақ пен байлықты таңдап, қызды той үстінде тастап кеткен болатын. Ақыры, екеуінің қарым-қатынасы барлығына мәлім болады. Лиам өзі туып-өскен кішкентай қаладағы ата-балаларын ұмытқан жоқ. Бір күні артта қалдырған дүниенің қазір қандай күйде екенін көреді.

«Менің мәңгілік ғашығым» - толығымен Бетани Эштонның авторлық жұмысы, ол фильмді өз сценарийі бойынша түсірген. Фильмдегі кантри әндерді және музыканы Бретт Бойетт жазған.

«Менің мәңгілік ғашығымның» ресми тұсаукесері 2018 жылдың 19 қаңтарында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер