È

«Дұшпандар»: тұсаукесер алдындағы жаңа трейлер

«Дұшпандар»: тұсаукесер алдындағы жаңа трейлер

Скотт Купердің («Қара месса», «Ессіз жүрек») «Дұшпандар» фильмінің жаңа трейлері жарыққа шықты. Драмалық вестерннің тұсаукесері қыркүйекте Халықаралық Торонто фестивалінде болған еді, сыншылар тарапынан да жақсы қабылданды. Купер фильмге Кристиан Бэйл («Престиж», «Қара сарбаз»), Розамунд Пайк («Намыс пен жалған сенім», «Жоғалып кеткен»), Уэс Стьюди («Қасқырлармен бірге билеуші», «Аватар») және Бен Фостер («Юмаға бағытталған пойыз», «Варкрафт») сынды жұлдыздарды түсірген.

«Дұшпандардағы» оқиға 1892 жылы болған. Аңызға айналған әскери капитан (Кристиан Бэйл) ұзақ уақыт бойы қарсыластық танытып, ақыры өлімсіреп қалған Шайенндік қамал басшысына (Уэс Стьюди) отбасымен бірге еріп жүруге келіседі. Бұрынғы қарсыластар Берринжер қамалынан Нью-Мехикоға, Монтана жайылымына аса қауіпті жолға шығады. Олар отбасын үндістер өлтіріп кеткен жас жесірге (Розамунд Пайк) кезігеді. Барлығы қоманшылар тайпасы тұратын дұшпандар аймағынан аман-есен өту үшін бірге қосылып, күштерін біріктіреді.

«Дұшпандардың» кинотеатрдағы ресми тұсаукесері 22 желтоқсанда болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер