È

Торонтодағы кинофестиваль бағдарламасының алғашқы драфтын жариялады

Торонтодағы кинофестиваль бағдарламасының алғашқы драфтын жариялады

Торонтода өтіп жатқан Канада кинофестивалінің негізі 1976 жылы қаланды. Осы уақыт аралығында кинематографиялық ортада айтарлықтай беделге ие болды. Фестивальді көбіне «Оскарға жолдама» деп атайды, өйткені Торонтода белгіленген көптеген фильмдер «Оскардың» қазылар алқасының назарына ілігіп жатады. Былтырғы жылы «Айдың жарығы» фильмінің төңірегінде біраз пікірталастар болған еді. Бірақ фестивальдің көрермендер көзайымы жүлдесіне «Ла-Ла Ленд» ие болды. Ал «Оскарда» барлығы басқаша өтті. Торонтодағы фестивальда қазылар алқасы ретінде көрермен баға береді.

Биыл ұсынылған фильмдер саны жағынан бағдарлама біршама қысқарды. Сонымен қатар, шараны ашатын фильм әлі нақтыланбады. Дегенмен, жабылу салтанатында Оливье Накаш пен Эрик Толеданоның «Осылай өмір сүрудеміз» картинасы көрсетіледі. Фильм ортағасырлық сарайда үлкен тойды өткізуге тырысып жүрген той ұйымдастырушысы жайында болмақ.

Бір қызығы, Торонтода «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі болмайды. Себебі, авторлар сюжетін әзірге жариялағылары келмейді.

Қазіргі кездегі бағдарлама төмендегідей, бірақ әлі де толықтырылатын болады:

Galas

«Дем ал»
«Түнек уақыт»
«Кингтер»
«Әйел алда жүреді»
«Мэри Шелли»
Кэтчер тыңшы болған
Film Stars Don’t Die in Liverpool
«Арамызда таулар»
««Мадбаунд» фермасы»
«Күштірек»
«Қол тигізбейтіндер»
«Әйел»
Long Time Running

Special Presentation

«Жыныстылар күресі»
«Минутына 120 соққы»
The Brawler
«Табыскер»
«Өз атыңмен шақыр мені»
Prendre le large
«Балалар туралы заң»
«Тоқтар шайқасы»
«Бағынбау»
«Қысқасы»
«Фантастикалық әйел»
«Олар бірінші әкемді өлтірді»
Les gardiennes
«Достар емес»
The Hungry
«Судың түрі»
«Мен, Тоня»
«Ана!»
«Марстон профессор және Ғажайып-әйел
«Lady Bird»
Novitiate
«Омерта»
Plonger
Le prix du succès
«Шабандоз»
A Season in France
«Джексон шейх»
«Төртбұрыш»
«Бату»
«Субурбикон»
«Тельма»
«Эббинг, Миссури шекарасындағы жарнамалық үш қалқан»
«Виктория мен Абдул»

Фестиваль 7-17 қыркүйек аралығында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер