È

«Бой ұсынбау»: «Оскар» үміткерінен трейлер тұсаукесері

«Бой ұсынбау»: «Оскар» үміткерінен трейлер тұсаукесері

Чили режиссері Себастьян Лелио жылдам дамып, барлық рейтингтерде көрініп келеді. Оның «Глория» мен «Фантастикалық әйел» атты екі драмасы Берлин және Сан-Себастьянда өткен фестивальдерде бірнеше жүлдеге ие болды. Былтырғы жылы «Фантастикалық әйел» Берлиналеде үздік сценарий үшін «Күміс аюды» иеленді, бірақ Лелионың жобасы «Шет тіліндегі үздік фильм» ретінде «Оскардың» шорт-парақшасына енгенімен құнды болып отыр.

Былтырғы жылдың қыркүйек айында Себастьян Лелио Торонтодағы фестивальде «Бой ұсынбау» жаңа таспасын ұсынған болатын, картинаны сыншылар жақсы қабылдады. «Бой ұсынбау» сюжеті ағылшын жазушысы Наоми Альдерманның аттас романының негізінде құрылған. Картинадағы хикая раввин Рониттің (Рэйчел Вайс, «Дәрігер Стрэндж», «Назарда болу») қызы туралы, қыз әкесі қайтыс болған соң, әкесінің Лондон шетінде орналасқан бұрын тұрған жеріне, ортодоксалды иудалық коммунаға оралады. Сол жерде бұрынғы құрбысы Эсти (Рэйчел МакАдамс, «Мұхиттағы жарық», «Лобстер») екеуінің арасында роман басталады.

Бір мәселе – Эсти Рониттің жиенінің әйелі.

«Бой ұсынбау» тұсаукесері 27 сәуірге жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист