È

«Түнгі ойындар»: New Line Cinema келесі жылдың басында шығатын фильмнің бірінші трейлерін жариялады

«Түнгі ойындар»: New Line Cinema келесі жылдың басында шығатын фильмнің бірінші трейлерін жариялады

New Line Cinema «Түнгі ойындар» комедиялық детективінің алғашқы трейлерін жарыққа шығарды, басты рөлдерді Джейсон Бейтман («Байланыс жоқ», «Хэнкок») және Рэйчел МакАдамс («Естелік күнделік», «Шерлок Холмс») сомдайды. Бұл - Джонатан Голдштейн мен Джон Фрэнсис Дейлидің 2015 жылғы «Каникулдан» кейінгі біріккен жұмысы. Режиссерлар тек қана жұлдыздар ойнайтын қойылымды түсірген. Бұл - қарапайым түнгі ойыннан кейін жаңа деңгейге көтерілетін достар туралы баяндайтын комедия.

Макс (Джейсон Бейтман) пен Энни (Рэйчел МакАдамс) күн сайын түнде құмар ойындарын ойнайды. Макс Брукстың ерекше дарынды ағасын (Кайл Чандлер , «Уолл-стриттен шыққан қасқыр», «Теңіз жағасындағы Манчестер») біреулер ұрлап кеткен, осыдан кейін жалған баскесерлер мен жалған федералды агенттер пайда болады. Бұл не өзі? Ойын ба? Әлде ойынның бір бөлігі ме? Бәсекеге қабілетті, мықты алты ойыншы тағдырларын сынап көріп, жеңіске ұмтылады. Әрі қарай мұның өздері ойлағандай ойын емес екенін байқай бастайды. Бір түннің ішінде достар шиеленіске одан сайын шырмала береді, әрқайсысы күтпеген сюжеттің құрбанына айналуы мүмкін. Ережесіз, нүктесіз және идеясыз ойында барлығы жеңіліс тапқандар қатарында. Бұл қызықты болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың басынан өткен ең үздік оқиға болатыны анық.

«Түнгі ойындардың» Қазақстандағы ресми тұсаукесері 2018 жылдың 8 наурызына жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер