È

Николай Пак пен Асқар Бисембин киноның қалай жасалатынын әңгімелеп берді

Николай Пак пен Асқар Бисембин киноның қалай жасалатынын әңгімелеп берді

Асқар Бисембин мен Николай Пактың шығармашылық бірлестігін оқырман ең алдымен «Әдел» және «3амуж в 30» фильмдерін түсіруде атқарған еңбектері арқылы біледі. Олардың бірлестігі сәтті болып шықты, өйткені олар өздері сценарий жазады және прокатта алдыңғы орындарды иеленетін фильмдер түсіреді. Бүгін бұл дуэт басқа да жобалары туралы және «Қыз жолы» фильмінің екінші маусымы туралы біраз жаңалықтарымен бөліспек.

– Сіздер «Қыз жолы» фильмінің екінші маусымын түсіруге кірісіп кеттіңіздер ме? Екінші маусым не туралы болады, жаңа кейіпкерлер мен оқиғалар бола ма? Сондай-ақ етсуімше, басты рөлдердің біріндегі актриса ауыстырылыпты?

Асқар: Иә, Ақеркенің рөлін ойнаған актриса Айнұр Бабаеваның орнына басқа актриса ауыстырылды. Айнұр жүкті болғандықтан фильмге түсуін жалғасытар алмайтын болды. Басты рөлге Раушан Ермағамбет бекітілді. Сондай-ақ Бақыттың рөлін ойнаған Сануржанның орнына дебютант Рахат Халық келді.

«Қыз жолы-2»

Бірінші маусым оқиғаларға толы болды, бірақ екінші маусымда біз одан да көп оқиғаның болғанын қаладық, сондықтан алдыңғыға қарағанда оқиғалар тіпті тығыздау болады. Басты рөлдегі кейіпкерлер үшін қобалжитындай қызықты да, шиеленісті оқиғалар біздіңше картинаға жақсы динамика береді. Екінші маусым «Әйелдер бәрін шешеді» деген ұранмен өтеді десек болады. Біздің оқиғамызда әйелдер өте мықты. Мұнымен айтпағымыз, «Егер еркектің жанында жақсы әйел болмаса, жетістікке жету мүмкін емес» деген бұрыннан келе жатқан нақылды жаңғырту.

Николай: – Қайталап өтейін, негізгі ұстанған қағидамыз екінші маусымда да өзгерген жоқ. Сценарий өмірде болған оқиғаларға барынша жақын. Бірінші маусым аяқталғанда біздің байқанғанымыз, ортаншы қыз Майра барлық серияларда бір қалыпта жүріпті, сондықтан келесі маусымда оның басынан түрлі жағдайлар өтеді.

– О баста фильмнің екінші маусымын түсіру жоспары болды ма, әлде рейтинг нәтижесінде келген ой ма?

Николай: – Бұл жерде екі фактор да әсер етті, біз бірінші маусымды жазған кезде барлық оқиғаларды бірінші маусымның сериаларына сыйғыза алмайтынымызды түсіндік. Телеарна оқиғаның аяқсыз қалуына қарсы болған жоқ. Одан кейін Ғаламторда түрлі пікірлер өте көп болды. «Қыз жолы» жалғасын түсіруге «Хабар» арнасының рұқсатын алған алғашқы жобалардың бірі.

Николай Пак пен Аскар Бисембин

Асқар: – Біздің оқиғаны аяғына дейін жеткізбей, кішкентай ғана «қалмыс» жасағанымызға қуанып отырмыз. Бізде жобаларды маусымдарға бөліп түсру тәжірибесі бар. Бірінші маусымның сценарийін жазып жатқан кезде-ақ, «шамасы екінші маусымда мынаны былай істейміз-ау» деп автоматы түрде ойланып отырамыз. Бірінші маусымды жазу кезінде екінші маусымды жоспарлаудың орынсыздау екенін білеміз, бірақ біз өз күшімізге сендік. «Жігіттер, бұл дегеніміз ғажап. Мынау екінші маусымға сұранып тұр» дейтінбіз бір-бірімізге. Біз екеуміз әркім өзінше субьективті ойлайтын достар болдық, ең бастысы біз идеяға сенеміз. Біздің армандарымыз бен қиялымыздағы жобалардың жүзеге асып жатқаны тамаша.

– Қазір үшінші, төртінші маусымдар туралы да ойланбайсыздар ма?

Асқар: – Ондай ойлар бізде емес, актерлерде туындап жатады. Олар кейде: «Үшінші маусымда мен былай істесем бола ма (күлді), даяшы секілді барлық тілектерді жазып жүрсем қайтеді» дейтіндері бар.

Николай: – Қазір бұл турады айту ертерек, көрермендер қалай қабылдайды, телеарна не шешеді дегендей. Бірінші маусымда бізде эпизодтық актерлер болды, екінші маусымда олардың кейіпкерлері дамытыла түсті, арасында күрделі мінезділері пайда болды, олар оқиғаның шиелене түсуіне кәдімгідей әсер етеді.

Асқар: – Бізге сәттіліктің серік болуы әбден мүмкін.

Аскар Бисембин

– Бірінші маусымда көрермендер көрмеген жаңа кейіакерлер бола ма?

Асқар: – «Қыз жолы» сюжеті күрделі триллер емес, жанр аясында оқиғаға әсер етуші жаңа кейіпкерлер болады. Біз актерлерді жобаға швқырып алып, кейін оп-оңай ауыстыра беретіндердің қатарынан емеспіз. Бұл мәселеге өте рационалды қараймыз. Жаңа кейіпкерлер болады, бірақ көрерменнің сүйікті кейіпкерлері қалады. Біз оларға жаңаша өң бердік.

– Басты рөлдердің біріндегі актрисаның ауысуы көрсетілімге кері әсер етпей ме?

Асқар: – Шынымды айтайын, осы нәрсе бізге де қызық болып тұр. Егер рөлдің жаңа орындаушысы бұрынғысынан нашар болса, онда басты рөлді орындаушының ауысқандығынан көрермен сериалды ары қарай көргісі келмей қалады. Егер бірінші серияны көрермен жақсы қабылдаса, ауырлау болса да айтайын, онда бұрынғы орындаушы ұмытылып кетеді.

Николай: – Айнұр Бабаева – өте дарынды актриса екенін мойындаймыз, ол сериалдың «келбетіне» айналада алды десек болады. Бірақ бұл бір ғана кейіпкердің оқиғасы емес. Егер біз апалы-сіңлілі үшеуін де ауыстырсақ, әңгіме басқа. Ал бұл жерде басты рөлдегі ауыстырылған актриса – бас кейіпкерлердің бірі. Біздіңше, біріншіден, Раушан рөлді жақсы алып шығады, өйткені ол актрисамен біз бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқпыз. Екіншіден, бұл көрерменді өз әлеміне елітіп әкететін көркем жанр. Көрермен сериалдағы шындыққа еніп кетуіне бірінші серия жеткілікті деп ойлаймыз. Біз бәрінен бұрын басты орынға сценарийді қоямыз. Сценарий арқылы көрерменге шынайы оқиғаны көрсете аламыз деп үміттенесіз. Сонда актрисаның өзгергені де маңызды болмай қалады.

Николай Пак

Асқар: – Бізге қойып отырған осы сұрағыңыздың төңірегінде біз ең бірінші кезекте ойландық. Иә, ол мүлде басқа адам болады. Біз ұқсас актриса іздемедік. Көрермен Ақеркені қалай да жақсы қабылдайтынына сенеміз.

– Сериалдың түсірілім жұмыстарын атқарып жатқан командаралыңыз тураы айтып беріңізші. Түсіру тобының құрамы ауысты ма?

Асқар: – бірінші маусымда бізбен жұмыс істеген түсіру тобын сақтауға тырыстық. Жақында ғана Николайға кейбір позицияларымыздың күшейе түскенін айтқан едім. Бір барынша топ құрамын толықтыра түстік. Меніңше, қазіргі тобымызбен жұмыс істеу өте ыңғайлы.

Командада тағы бір режиссер бар ма?

Асқар: – Дархан Саркенов деген жігітпен мен 3 жылдан бері бірге жұмыс істеп келемін. Түсірілім алаңында біз жайлап орнымызды басатын мамандар әзірлеуге тырысып жатырмыз. Дарханға режиссерлық қырынан ашылуға мүмкіндік берудеміз.

Николай: – Дархан – өз адамымыз, біздің топтан. Жас режиссерлерге неге мүмкіндік берілмейді деген сұрақтар жиі қойылады. Алайда жас маманға түсірілім жұмыстарына жетекшлік етуді тапсыруға тәуекел жасала бермейді, өйткені қоюшы-режиссердің міндеті түсірілім барысында өте маңызды. Сондықтан түсірілім барысына ақырындап тартып, жігіттерге фильм түсіруді үйренуге, тәжірибе жинақтауға мүмкінік береміз.

Асқар: – Айта кетерлік жайт, Дархан бізбен бірінші маусымда бірге жұмыс істеді, жобаның стилімен, сериалдың ерекшеліктерімен жақсы таныс.

Асқар, Сіз бірінші рет режиссер әрі ұстаз ретінде жұмыс істеп жатқан боларсыз?

Асқар: – Бұл бір керемет сөз (күлді). Шындығында, мен үшін бұл өте көңіл толқытарлық алғашқы тәжірибе болды. Өз білгеніңмен бөлісетін уақыттың туатыны заңдылық деп есептеймін.

– Екінші маусымның бюджеті де бірінші маусымдікіндей ме?

Николай: – Жоқ. Нақты сандармен айтуды жөн санамаймын, бюджет теңгемен есептегенде бұрынғымен бірдей.

Жақын болашақта Сіздерден басқа да қандай жобалар күтетін боламыз?

Асқар: – Қазір алдағы уақытта нақты жүзеге асатын жобалардың ішінде толықметражды фильм болатынын айта аламыз. Дәл қазір анығырақ ештеңе айта алмаймын, өйткені құпияны жарияламау туралы келісім жасасқанбыз. Бірақ Николаймен және біздің тобымыздағы тағы бір адаммен бірге тағы бір толықметражды фильм түсіретініміз анық. Түсірілім қыркүйек айында басталады. Шамамен бір айға созылатын түсірілім қазан айының ортасына қарай аяқталуы тиіс. Ал фильм келесі жылы жарық көреді. Қазір біз материалдарды әзірлеу жұмыстары мен сериал продакшнымен қатар айналысудамыз.

Николай: – Телевизилық жобалар жөнінде айтсақ, біз әлі бекітілмеген 2-3 сериалмен жұмыс істеп жатырмыз, бұл күздік жобалар деуге болады. Бұлар жаз кезінде жазылып, түсіріледі, ал күзде дайын болады. Әдеттегідей көктемде күздік телемаусымды ашатын бағдарламалар үшін күрес жүріп жатыр. Қазір түрлі телеарналармен келіссөздер жүргізілуде.

Асқар: – Олар түрлі жанрда, түрлі форматта болмақ. Жан-жақты болуға тырысып жатырмыз.

– «Замуж в 30» комедиясының жалғасы бола ма?

Асқар: – Өзімізге де қызық болып тұр, өйткені оқиға бізге ұнайды. Бірақ, білесіз бе, басқа да жаңа ойға алған дүниелеріміз көп. Біз жарыққа шығарғымыз келетін 5 толықметражды картина бар. Әрине, комедияның жалғасын түсіргіміз келеді, бірақ дәл қазіргі сәтте бізді одан да қатты қызықтырып тұрған жобалар жетерлік. Оның үстіне «Замуж в 30» біздің меншік фильміміз емес. Біз онда біріміз сценарист, біріміз қоюшы-режиссер ретінде ғана жұмыс істедік. Өткен жазда бізге 3 толықметражды фильмді түсіруге ұсыныс түсті. Бірақ біз бірнеше қоянның соңынан бірден қуғымыз келмеді. Өйткені саны көп болған сайын не нәрсенің сапасы нашар болады. Сондай-ақ аздап шаршадық та, кейде Николайдың «жазғым келмейді» дейтіні бар, бірақ жаңа жобаны жасауға деген қызығушылық оның шаршағанын ұмыттырып жібереді. Өзім де шаршадым, арасында үзіліс те керек, сондықтан қарқынды аздап азайтқан жөн. қазір біздің мақсат – жаңа телевизиялық жоба жасау.

Николай: – Қазір біз жұмыс істеп жатқан киножоба өте амбициялы. Оның жақсылығы, жоғары баспалдаққа серпіліске итеруінде, өз күшіңді өзің сынауға мүмкіндік берінде. Фильмнің өз ойымыздағыдай шыққанын қалаймыз.

– Асқар, Сіз Берік Айтжановпен бірге триллер түсіргім келеді деп едіңіз. Осы жоспарыңыз туралы да айта отырсаңыз?

Асқар: – Біз Берік Айтжановпен бұл туралы сөйлескенбіз, оған арнайы фильм түсіретініміз туралы сөз бердім. Мен әзірге ол қандай жоба болатынын ойланып жүрмін. Беріктің қолынан өте көп дүние келеді, актердің көрерменге әлі белгісіз қырлары көп.

– Сіздер қалай таныстыңыздар, бірлестіктеріңіз қалай пайда болды?

Асқар: – Мен осы оқиғаны есіме жақсы көремін. Біз Николаймен 18 жасымыздан бері таныспыз. Біз бір-бірімізге қарсы КВН командасында ойнадық, онда үшінші авторымыз Василий де болған. 2011 жылы мен Америкаға кетіп қалған кезде Николай жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Бірақ адам бойында шығармашылық болса, бәрібір ол одан ешқайда кете алмайтынын сезетінмін. Америкаға кетер алдында мен Василийге толықметражды фильм жазатынымызды айттым. Сосын Николайға болашақта міндетті түрде бірге жұмыс істейтінімізді айттым. Сонымен 2014 жылы Николай осы салаға қайта оралды, сол кезден бастап бірге жұмыс істейтінімізді білдік.

Нпколай: – Осы оқиғаны айтып беруге маған да рұқсат етсеңіздер. Сол кеш менің әлі есімде, ортақ досымыздың туған күнінде Асқар өзінің Америкаға кетіп бара жатқанын айтты. Маған бұл өте ғажап лүние болып көрінді. өйткені сол кездерде жасы 30-дан асқан, балалы-шағалы адамның мұндай қадамға баруы өте сирек болатын. Одан кейін ол штаттардан қайта оралып, фильм түсіре бастады.

Асқар: – Бірден айтайын, ол менің алғашқы фильмімнің быт-шытын шығарды.

Николай: – Менің оның Америкада жақсы қабылданған қысқаметражды фильмдерін қатты сынадым. Бірақ нәтижесінде мен Асқармен бірлесіп жұмыс істегенге дейін телевидениеде біраз істеуіме тура келді. Ыңғайы солай болды. Бірақ уақыт өткеннен кейін мен Асқармен кездестім. Сол кезде ол «Свадьба на тройх» фильмін түсіріп үлгерген. Осы кезде ол маған келесі картинаға сценарийді бірге жазуға ұсыныс жасады. Бұған дейін мен бір жылдай түрлі телевизиялық жобалар жасадым, олардың киноға, сериалға, әзілге еш қатысы жоқ. Мен үшін бұл кәсіп, мен күні бүгінге автор-сценарийст емес, біздің телевидениеде ТВ-продюсер рөліндемін. Сериалдарда бірнеше міндеттерді қатар атқаруға тура келеді, өйткені ең соңында өзім жауаптымын. Бұл менің тәуекелдерім. Уақыты келіп, кино түсірген кезімізде өзімнің продюсер ретіндегі мүмкіндіктерімді қарастырамын.

Асқар: «Коля, қане, бірлесіп бірдеңе жасайық, қандай да бір кино түсірейік» дедім. Сөйтіп біз криминалдық комедия жаза бастадық. Бірақ аяқ астынан «Адель» пайда болды, сонымен ары қарай кетті.

Авторлық кино түсіру жөнінде ойладыңыздар ма?

Асқар: – Кез келген кино – авторлық, оны ғаламтордан шаблонымен көшіреді. Менің ойым мен қалауым халықтың ойымен бір жерден шығатынына қуаныштымын. Біз жалпы көрерменге арналған коммерциялық кино түсіреміз. Мен оны «попкорн кинолар» деп атаймын. Бірақ мен бұған еш өкінбеймін. Бәлкім біз кейінірек арт-хаус фильмдер түсірерміз, бұл да әбден мүмкін. Сол кезде біз тапқан-тергенмізді тек өзіміге ғана ұнайтын дүние түсіруге жұмсаймыз.

Николай: – Егер кино көрерменге арналмаса, ондай фильм түсіруге өз басым қарсымын. Кино көрермендер үшін түсріледі. Біздің алдымызда мынандай мақсат тұр: –көрермен төсегінен тұрып, жұмысынан шығып, кинотеатрға барып, билет сатып алып, фильмді тамашалап, екі сағат уақытын қиып, сол кинодан жақсы көңіл күйде шығатындай фильм түсіруіміз керек. Жасым 60-қа келгенде мен жеке өзіме ғана арналған фильм түсіремін.

 

Асқар: – Біз комерциялық та, арт-хаус фильмдерді де үсіре аламыз. Бірақ мен арт-хаус түсіретін режиссерлер ешқашан коммерциялық фильм түсіре алмайтынына сенімдімін. Осы тұста Николаймен келісемін, көрерменге арналған фильмдер пластмасалы деп аталады, мысалы, талдау жасап көрелікші, «Список Шиндлера» немесе «Храброе сердце». Осыларды жаман фильм деп кім айта алады? Олар 800 миллион, одан да көп пайда түсірді. Бірақ бұлар коммерциялық жобалар. Маған неге «Гэтсби» ұнайды? Өзі ақылды, өзі бай, өзі сымбатты кейіпкер үшін көрермен қайғыратындай оқиға жасап көрсінші. Жасау мүмкін емес. Міндетті түрде жартылай мүмкіндігі шектеулі ер адамға көзі нашар көретін әйел адам күтуші болуы керек .

– Сіздердің «Свадьба на троих» фильмі осы жылы «Сыншылар таңдауында» ең үздік коммерциялық фильм деп танылды. Қандай сезімде болдыңыздар?

Асқар: – Мен бұл бағалауды 2015 жылдың көктемінде сезіне бастадым. Қазір болып жатқан жайттардың бәрі көңіліме жағады. Сыншыларды ренжіткім келмейді, бірақ мен үшін көрерменнің пікірі маңыздырақ. Қалғаны жай ғана формальды нәрсе. Жүлдені табыстау кезінде мен өзім бола алмадым, өйткені басқа да маңызды шаруаларым болды. Қазылар алқасының бірнешеуін танимын, оларға деген көзқарасым жақсы. Мүмкін бізге осындай марапаттар да керек шығар.

 

Асқар Бисембин мен Николай Пакқа сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева және Акылбек Шайзарат

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер