Динара Бақтыбаеваның жаңа бейнесі
Жақын күндері актриса Динара Бақтыбаева ерекше фотосессияға түсті. Образына осындай тәжірибе жасап көруді визажист әрі дизайнер Айжан Бегасыл ұсынған.
«Біз жобалардың бірінде кездестік, онда Айжан өзі туралы, өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, бірнеше фото жасап көруге ұсыныс жасады, мен келістім. Шыны керек, таңдалған костюмді көргенде мен қанаттанып кеттім. Өйткені мен мұнда бәрі өзімді білетіндей сыпайы қыз емес, жарқын әрі мінезді қыз образындамын»,- дейді Динара Бақтыбаева.

Фотограф Ильяхат Су-Джин-Ю Айжан Бегасылмен бірігіп. қалыптан тыс фэшн-авангардтық образ жасауға шын беріліп кірісті, сөйтіп олар бірін-бірі сөзсіз ұғынысқан.
Креативті топІңкар Әбдраш, Гүлназ Жоланова, Ақбота Сейтмағамбет («Гламур для дур») және Кәмшат Жолдыбаева («Өгей жүрек» сериалы) сынды актрисалардың образын өзгертіп, суретке түсірген болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін