Рэпер Тупак Шакур туралы фильмнің жаңа трейлері
YouTube желісінде Тупак Шакур туралы «All Eyez on Me» көркем фильмінің үшінші жаңа трейлері пайда болды.
Жобаның режиссері - клипмейкер Бенни Бум.
Сюжет желісі 2Pacтың қалай танымал болғандығын, Death Row Records лейблінде қалай жұмысты бастағанын баяндайды. Сонымен қатар, оқиға АҚШ-тың Батыс пен Шығыс жағалауы рэперлерінің соғысын, тайталасын көрсетеді.
Тупак Шакурдың рөлін белгісіз актер кіші Деметриус Шипп сомдады, бұл оның кинодағы алғашқы тәжірибесі. Ал Тупактың анасының рөлінде «Ходячие мертвецы» хикаясындағы Мишонн рөлі арқылы танымал болған Данай Гурира болды.
Тупак Шакур барлық уақытта өзіндік стилі бар керемет орындаушы болған. Ол 1996 жылы 7 қыркүйекте 25 жасында қайтыс болды. Оның өліміне себепкер болған адам ақыры табылмады.
Фильм Тупак Шакурдың 1996 жылы ақпан айында жарыққа шыққан «All Eyez on Me» қос альбомының құрметіне қойылған. Альбом 9 рет «платина» жүлдесіне ие болған. 2014 жылы оған «гаухарлы» атақ (9 миллион көшірменің сатылымы үшін) берілді.
Фильм тұсаукесері 16 маусымға жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін