È

Нұртас Адамбай: «Бұл қашан тоқтар екен?»

Нұртас Адамбай: «Бұл қашан тоқтар екен?»

Отандық кинематографшы Нұртас Адамбай әрдайым өзінің азаматтық пікірін ашық білдіреді, ол өзекті мәселе – балаларды зорлауға қатысты тақырыпты көтерді. Жақында Казнетте Оңтүстік-Қазақстан облысындағы 6 жасар баланың зорлықтың құрбанына айналғаны туралы жаңалық пайда болған еді.

Адамбай өз пікірімен және оның шешу жолдарын Инстаграмда бөлісті. Оның айтуынша, мұндай оқиғаның орын алуының басты себебінің бірі – балалардың, жасөспірімдердің санасына дұрыс, оңды әсер ететін фильмдердің жоқтығы.

«Бұл қашан тоқтар екен? Қашан тәртіпке келтіріледі? Елімізде балалардың құқығын қорғау туралы қаншама рет айтсақ та, мұндай жағдайлар жиі бола берсе, сол әңгіменің барлығы бос сөз! ОҚО-дағы баланың зорлау ісі әлі аяқталған жоқ, бірақ жаңалықтарда қайтадан осындай сұмдық оқиғаның болғаны айтылып жатыр. Тағы да алты жасар бала зардап шекті, ал кінәлі – жасөспірім, ол да әлі бала ғой. Адамдар тергеусіз соттау, піштіру, өлім жазасына кесу керек деген пікірлерімен бөлісіп жатыр. Бірақ, бұл жазалар өзекті мәселені шешуге көмектеседі дегенге сенбеймін.

Бар бәле бастан шығады.

Жастарға үлгі көрсетіп, оқытып, тәрбиелеу қажет. Егер қазір еліміздегі жасөспірімдер ақ пен қараны ажырата алмаса, бұл біздің – ересектердің кінәсі! Балаларға ең алдымен біз, мемлекет жауапты. Көбісі менімен келіседі деп ойлаймын, қазір бізде адал балалар киносы ұмытылып қалды. Өз балалық шағымды еске түсірсем, ненің жақсы, ненің жаман екенін үйреткен балаларға арналған кеңестік ақжарқын фильмдер елестейді.

Өкінішке қарай, бүгінде елімізде балалардың, жасөспірімдердің санасын дұрыс жолға бағыттайтын бірде-бір жақсы фильм жоқ. Бізге балалар еліктеп өсетін «дұрыс» кейіпкерлері бар фильмдер керек. Кеш болмай тұрғанда, балаларға арналған жақсы киноларды шығаруға асығуымыз қажет» (Пунктуация мен орфография сақталды. – Ред.), - деп жазды продюсер.

Ол сонымен қатар, келесі мәселені айта кетті, Nurtas Production компаниясы балалар кинокартинасын өндірумен айналысар еді, бірақ жеке студия болғандықтан, ол коммерциялық киноға мұқтаж. Сондықтан, Нұртас Адамбай осы мәселеге қатысты көзқарасын бөлісетін демеушілермен қуана серіктестік орнатуға дайын.

Ещё не закончилось разбирательство в деле о надругательстве над ребёнком в ЮКО, как вновь в новостных лентах появилось сообщение об очередном подобном жутком случае. И вновь пострадал шестилетний ребёнок, и вновь виновный - подросток, по сути, тоже ребёнок. Люди в комментариях пишут о самосуде, о кастрации, о восстановлении смертной казни. Думаю, что эти меры вряд ли смогут помочь в решении этой очень серьёзной проблемы. Все беды идут из головы. Нужно учить, воспитывать, показывать пример молодежи. Если сегодня в нашей стране подростки не могут отличить чёрное от белого, то это наша вина - взрослых! В ответе за детей, прежде всего мы, государство. Уверен, что многие со мной согласятся в том мнении, что сегодня у нас давно забыт вопрос о добром детском кино. Вспоминая своё детство, в памяти всплывают советские светлые фильмы для детей, в которых нас учили тому, что хорошо, а что плохо. К сожалению, сегодня в нашей стране нет ни одного нормально фильма, призванного направить мышление детей, подростков в правильное русло. Нужны такие фильмы, в которых дети могли бы видеть тех самых «правильных» героев, на которых им хотелось бы походить. Пока не поздно мы просто обязаны заняться производством детских хороших фильмов. Боюсь, что собственными силами наша студия не потянет такой проект, так как будучи частной компанией мы сильно зависим от коммерческого кино, от его проката и кассовых сборов. Именно по этой причине нам пришлось отказаться от социальной драмы, вернувшись к съемкам коммерческих комедий. Если бы появились спонсоры, разделяющие с нами взгляды на эту проблему, а это, на самом деле, очень серьёзная проблема, то мы бы взялись за производство детского казахстанского кино! Это наша страна, наши дети, и это наша забота - беспокоиться о том, какими они вырастут завтра!

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:36

Да надо всех наказывать

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса