Бір күннің оқиғасы
Желіде «Один день» деп аталатын ролик пайда болды. Ол 18 июля шілдеде қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған. Осылайша ролик авторы жас режиссер Абдель Фифтибаев алматылықтардың тыныштығын күзететін жандарға алғысын білдірді.
«Ролик Алматы туралы жоба болатын, мұнда біз қаланың қызықты жерлерін көрсеткіміз келді. Түсірілімнің алғашқы күні 18 шілдеде біз Көк төбені түсірдік. Сол күні болған оқиғаны кешке қалаға келгенде ғана білдік. Осыдан кейін видеоны алматылықтар мен полиция қызметкерлеріне арнайтын болып ұйғардық. Сонымен қатар жай ғана Алматының татулық пен махаббаттың қаласы екенін. мұнда қаруға орын жоқ екенін көрсеткіміз келді», - дейді режиссер.

Абделдің айтуынша, түсірілім тобы қаланың қызықты жерлерін, қалалаықтардың өзі байқац бермейтін сұлулықты түсіруге тырысты. Роликте қала пейзажы қарағандылық «Пижама» тобының орындауындағы музыкамен әрленіп суреттеледі.
«Роликті құрастырукдан бұрын-ақ мен осы әннің басты саундтрек болатынын білдім. Бұл басқа әндердей емес, көрерменді мен қалаған атмосфераны сезіндіруге әсер етеді», - деп қосты Фифтибаев.
Қазір режиссер «Бойжеткен» жобасымен жұмыс істейді.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін