È

Disney-дің «Кристофер Робин» фильміне арналған дубляждалған ресми трейлері

Disney-дің «Кристофер Робин» фильміне арналған дубляждалған ресми трейлері

Walt Disney Pictures студиясы режиссер Марк Форстердің («Сені ғана көремін», «Әлемдер соғысы Z») «Кристофер Робин» шытырманға толы балалар фильмінің дубляждалған жаңа трейлерін ұсынды. Алан Милннің әр балаға таныс кейіпкерлерімен сценаристер Алекс Росс Перри («Алтын жолдар», «Жер патшайымы») және Эллисон Шредер («Жасырын мүсіндер») айналысты. Олар Disney-дің жаңа тұжырымдамасы аясында жұмыс істеді, яғни ескі мультипликациялық таспалар мен жақсы танылған кейіпкерлер тірідей актерлармен бірге түскен кезде, жаңаша күйге енеді.

Басты кейіпкер Кристофер Робин (Юэн МакГрегор, «Сұлу ару мен құбыжық», «Джейн қолына қару алды») өмірде өз орны қалыптасқан ер азаматқа айналды. Бала күнгі ескі досы Винни қонжықпен кездесуі Кристоферге Стоакров орманында жоғалып кеткен достарын іздеуді ғана емес, қайтадан жаңа бақыт табуға мүмкіндік береді. Танымал Empire журналы жоба тұжырымдамасын «Капитан Крюк» пен «Паддингтон хикаяларының» кездесуіне балады.

«Кристофер Робин» Meloman Entertainment компаниясының тартуымен 2018 жылдың 2 тамызында айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер