È

Бритни Спирс

 Бритни Спирс

Бритни Спирс өзінің жас кезінде нағыз поп-ханшайымға айналды. Қазір ол 34 жаста, оның жетістіктерінің арасында «Грэмми» сыйлығы бар, бірнеше хит әндері бар, ол Гиннес рекордтар кітабына және «Форбсқа» енген, енді Lifetime телеарнасы поп-ханшайым жайлы байопик түсірмек.
Бритни Спирстің 1981 жылы Миссисипи штатының шағын қаласында дүниеге келгені белгілі. Ата-анасы өте қарапайым жандар. Әкесі – аспаз, анасы – бастауыш сыныптарының мұғалімі және аэробика нұсқаушысы. Бритни бала кезінен гимнастикамен айналысты және шіркеуде ән шырқады. оның карьерасы Диснейдің «Клуб Микки Мауса» шоуына қатысқаннан кейін басталды. 1999 жылы Бритнидің «Baby One More Time» деп аталатын алғашқы альбомы шықты, бұл альбом он бес рет платиналы болды.
Байопик «Бритни» деп аталатын болады, ал басты рөлде Наташа Бассетт, ол «Да здравствует Цезарь!» фильміндегі Глория рөлі арқылы белгілі.

Бритни Спирстің өзі жобаға қатыспайды, сондықтан да болар авторлар әнші туралы тек шындықты баяндауға уәде берді. Сюжетте оның Джастин Тимберлейкпен қарым-қатынасы, оның күйеулері мен балалары, психологиялық проблемалары, сахнаға қайта оралуы көрсетіледі. Кинолентаның ұзақтығы екі сағат, ал түсірілім Канадада қыркүйекте басталады.
Lifetime поп-жұлдыздар туралы байопикті алғаш рет түсіріп отырған жоқ. белгілі фильмдердің ішінде әнші RNB Алия және Уитни Хьюстон жайлы даулы байопик бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер