«Ол»: Стивен Кинг романы бойынша түсірілген хоррордың жаңа трейлері
Желіге Стивен Кингтің «Ол» романының экрандалған түрінің жаңа трейлері шықты. Алғашқы экрандауы 1990 жылы кіші көлемді хикая болған, оны Томми Ли Уоллес Кингтің сценарийі бойынша түсірген. 27 жылдан кейін Андрес Мускеттидің қатысуымен жаңа фильм жасалатын болып шешілді де, идеяны автор Стивен Кингтің өзі қолдады.
Алғашқы тизер-трейлер YouTube-та тәулік ішінде ең көп қаралымға ие болған ролик атанды.
Фильм Мэн штатында, Дерри қалашығында пайда болатын зұлым сайқымазақ туралы баяндайды. Ол кішкентай балаларды ұрлап әкетіп, олардың қорқынышын тудырып, өшпенділігі мен жек көрушілігінен нәр алады. Жергілікті аутсайдер-мектеп оқушылары осындай зұлымнан барынша қорғануға тырысады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін