È

«Оскар 2018»: «Коко құпиясы» тарихтағы бірден екі жүлде алған үшінші мультфильм болуы мүмкін

 «Оскар 2018»: «Коко құпиясы» тарихтағы бірден екі жүлде алған үшінші мультфильм болуы мүмкін

Киноакадемиктер комиссиясы «Үздік фильм» аталымы бойынша «Оскарды» кім алатынын ойланып жатқан кезде, «Үздік анимациялық фильм» ретінде шорт-парақшаға енген «Коко құпиясы» мульфильміндегі «Remember Me» әнінің мүмкіндігі өсуде. «Коко құпиясы» картинасының мультфильм екендігін «Remember Me» әні нақтылай түседі, дегенмен бұл таспаның «Оскардың» бірден екі жүлдесін иеленетінін білдірмейді.

Бір таспаның «Үздік анимациялық фильм» және фильмдегі үздік ән үшін мүсіншелерге ие болуы тарихтағы үшінші жағдай болады. Бұл аталымдарға төменгі санға ие болған картинаның лайықты болуы таң қаларлық жағдай, дегенмен мультфильмдер көптеген хиттер мен әнұрандарды сыйлады. Толықметражды мультфильмдерге берілетін «Үздік анимациялық фильм» номинациясы 2001 жылы ғана қосылған.

90-жылдары Disney мен Pixar әндер жағынан алда бола қоймады, олардың сол жылдардағы мультфильмдері қазіргі кездегідей көптеген поп-хиттерді жарыққа шығара алмады. Мысалы, «When You Believe» әні секілді шедевр DreamWorks шығарған «Египет ханзадасы» мультфильмінде шырқалған.

2010 жылы «Ойыншықтар тарихы: Қашу» екі «Оскарға» ие болған, соның ішінде «We Belong Together» әні үшін жүлде иеленді.

2013 жылғы «Суық жүрек» мультфильмі және оның «Let It Go» хиті авторларға Киноакадемияның бірнеше жүлдесін алып берген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер