È

«Коко құпиясы»: қос әлемнің жыры. Екінші жыр

«Коко құпиясы»: қос әлемнің жыры. Екінші жыр

Pixar Animation студиясы бізді түрлі әлемге апарды: Парижден Үлкен барьерлі рифке, ғарыштан Монстрополиске дейін сапар шектірді. Зерттеу – осы фантастикалық, бірақ шынайы әлемдерді мекендейтін кейіпкерлердің басты құпиясы. Нақты қандай зерттеудің жүргізілетіні маңызды емес, классикалық ойыншықтарды іріктеу, әуе шарларының санын есептеу үйді жерден алыстату үшін қажет.

«Коко құпиясы» фильмі арқылы картина авторлары көрермендерді сюжетке тікелей байланысты мәдениетпен таныстырғысы келгендей. Олар зерттеу жұмыстарына байыппен қараған: кеңестшілер мен сарапшыларды шақырған, мексикандық көркемөнерді, музыка мен киноны зерттеген, сондай-ақ адамдар мен мәдениетті үйрене жүріп, бүкіл Мексиканы шарлап шыққан.

Зерттеу жұмыстары 2011 жылы басталған еді. Түсірілім тобы фильм бөліктерінің негізгі образына айналған Мексиканың барлық мәдени орталықтарын аралады. Мысалы, өткен ғасырдың 30-жылдарында суретші Педро Линарес жасаған «алебрихе» мүсіншелері Өлілер әлеміндегі жаратылыстардың образына айналды. Монте-Альбан тауындағы руиналар Өлілер әлемінің вертикалды құрылымының нысанасы болды. Ал Морелиядағы танымал Акведук Өлілер мен Тірілер әлемін байланыстыратын қырмызыгүл жапырақтарынан жасалған көпірдің образы атанды. Түсірілім тобы Санта-Цецилия деп аталатын ойдан шығарылған қаланың визуалды бағдарына айналған үйлерді, бақшаларды, махрабты, базарларды, шіркеулерді ұсынды.

«Коко құпиясы» фильміндегі оқиға Мексикада, Тірілер мен Өлілер әлемінде болған. Бұл екі әлем бір-бірімен мүлдем байланыспаған, бірақ үйлесімділік тапқан. Дегенмен, жыл сайын «Өлілер күні» мерекесінде екеуі түйісіп қалады. Бұл күн өлілерді еске алып, қайғыру күні емес, керісінше, сүйікті жандарды ұмытпай, жүректе сақтап жүруді талап ететін мереке болып саналады.

Екі әлем бір-біріне қарама-қайшы болғанымен, негізгі мінездемесі ортақ: екеуі де гүлдерге, музыка мен көңілді кештерге толы. Тірі және өлі кейіпкерлер көңілді, жігерлі жүреді әрі отбасыларын берік келеді. Олардың бір ғана мақсаты бар – ұрпақтарының есінде қалу.

«Коко құпиясы» 23 қарашадан бастап, Қазақстандық айналымда.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы – Meloman Entertainment компаниясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер