È

«Жолаушы»: көптен күткен дубляждалған трейлер

«Жолаушы»: көптен күткен дубляждалған трейлер

Лиам Нисонның («Үнсіздік», «Құбыжықтың дауысы») қатысуымен «Жолаушы» атты дубляждалған көптен күткен трейлер жарыққа шықты. Фильмнің режиссері - Жаума Кольет-Серра, ол «Әуе Маршалы» және «Таяз» фильмдері арқылы көпшілікке жақсы таныс. Басты рөлді сомдаған Нисоннан басқа, «Жолаушы» фильміне Вера Фармига («Қарғыс», «Төреші»), Сэм Нил («Тор: Рагнарёк», «Жабайыларды аулау») және Патрик Уилсон («Астрал 4: Соңғы кілт», «Негізін қалаушы») түсті.

Лиам Нисон ұзақ жылдар бойы жұмысқа күнделікті бір ғана бағытпен, бір ғана пойызбен жүретін сақтандыру агенті Майклдың рөлін сомдайды. Оның ойынша, тәртіпті ештеңе де өзгерте алмайды. Майкл бейтаныс адаммен әңгімелесу барысында соңғы аялдаманың алдында пойызда жасырынған адам бар екенін анықтайды. Бұл жұмбақ белгіленген уақыт ішінде шешілуі тиіс. Майкл соңы өлімге апаратын жоспарды ашқанын түсінеді және күтпеген жерден қылмыстық істі орындаушылардың бірі болып шығады. Ол жанындағы жолаушылармен бірге өмір мен өлім үшін арпалысады.

«Жолаушы» Қазақстандағы айналымға 8 наурыз күні шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер