È

Лиам Нисон Ванкувердегі дәмханаға тегін сэндвич жеуге келді

Лиам Нисон Ванкувердегі дәмханаға тегін сэндвич жеуге келді

Қазіргі таңда Ванкуверде Лиам Нисонның қатысуымен «Hard Powder» фильмінің түсірілімі өтіп жатыр. «Big Star Sandwich» дәмханасының әкімшісі бұл туралы естіп, Лиам Нисон үшін тегін сэндвич берілетіні туралы тақтайшаға жазып қояды. Тақтайшаны далаға қойып қойған, ал оның суретін Instagram-ға жүктеген.

Дәмхананың директоры бұл әрекеттен ештеңе шықпайды деп ойлаған, алайда актер ақыры келді. Лиам Нисон кассаға келіп, жоғары дауыспен «Менің сэндвичім қайда?» деп сұраған.

Фильмнің түсірілім тобы актерге бұл туралы айтқан болу керек. Бірақ, сэндвичті дәмханада отырып жеуге Нисонның уақыты болмаған көрінеді. Сондықтан, ол даяшылармен суретке түсіп, тез кетіп қалады.

 

Holy f**k, it worked! #liamneeson

Публикация от Big Star Sandwich Co. (@bigstarsandwich)

 

Қазір Нисон түсіп жатқан «Hard Powder» фильмі «Дурацкое дело нехитрое» норвеждік картинасының ремейкі секілді. Сюжет бойынша қар тазалаушы көліктің ақкөңіл жүргізушісі жергілікті нашақор сатушылар баласын өлтіргеннен кейін қатыгез қанішерге айналып үлгереді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер