È

Алтыншы «Терминаторда» кейіпкер Сара Коннор пайда болады

Алтыншы «Терминаторда» кейіпкер Сара Коннор пайда болады

Терминаторлар туралы аңыздағы Сара Коннор рөлі арқылы танымал болған Линда Хэмилтон франшизаның алтыншы фильміне түсетін болды.

The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, бұл туралы «Қиямет күні» 3D-нұсқасының көрсетіліміне арналған шарада Джеймс Кэмеронның өзі айтып берді.

Кэмерон көрермендердің экранда ылғи 50-60 жасар еркектердің жаман жігіттерді өлтіргенін көретінін, қыздар арасында да осындай жандардың болуы керектігін алға тартты.

Осылайша, режиссер экшн-жанрдағы мықты әйелдің образын дамыту үшін Хэмилтонның кейіпкері Сара Коннордың маңыздылығын атап кетті.

Франшизаның алтыншы бөлімі 1991 жылғы «Қиямет күні» фильмінің тікелей жалғасы болмақ. Қойылымымен «Дэдпул» фильмі арқылы таныс Тим Миллер айналыспақ.

Сценарийін Джеймс Кэмерон жазған. Сонымен қатар, автор бірнеше авторлармен бірігіп жоспарланған үш фильмнің оқиғаларын жазуды ойлап отыр.

Алтыншы «Терминаторға» қайтадан Арнольд Шварценеггер қатысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист