È

«Алғашқы реформаттық шіркеу»: сенім дағдарысына ұшыраған уағызшы жайлы фильмнің трейлері

«Алғашқы реформаттық шіркеу»: сенім дағдарысына ұшыраған уағызшы жайлы фильмнің трейлері

«Осы әлемге жасағанымыз үшін бізді Құдай кешіре ме?», - дейді Итан Хоук кейіпкері Эрнст Толлер, оны шіркеу жасырған құпиялар мазаландырады. Итан Хоук («Өмірге 24 сағат», «Валериан және мың ғаламшар шаһары») жаңа рөлінде сенім дағдарысына ұшыраған уағызшыны сомдайды. Пол Шредердің («Адам адамға қасқыр», «Автосиқыр») «Алғашқы реформаттық шіркеу» триллерінің ресми трейлері бейсенбі күні жарыққа шықты.

Фильм жоғары шіркеулі лауазымды дін қызметкері Эрнст Толлер (Итан Хоук) жайлы баяндайды. Ол ұзақ уақыт бойы әскери капеллан болып қызмет еткен. Толлер соғыста ұлынан айырылып, біраз жылдар бойы қайғыдан құса болады. Оның өмірі қатаң тәртіпке бағынады. Бірақ, бір күні Толлер христиан шіркеуіндегі діни қауымның мүшесі, діншіл әйелмен (Аманда Сайфред, «Твин Пикс» хикаясы, «Әкелер мен қыздар») танысады, ол әйел белсенді экологтың жары. Кейін радикалды эколог өз-өзіне қол жұмсаған соң, Толлер мен жесір әйел өздері шіркеудің жұмбақ әрі күмәнді істеріне және жемқор корпорация серіктестеріне қатысты тергеу жүргізеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер