È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғарыш одиссеясы

10 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада актерлар Дэйн ДеХаан мен Кара Делевинь Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» атты жаңа туындысында қазақша сөйлейтін болады. Ал көрермендер «Аннабель қарғысы: Зұлымдықтың пайда болуы» фильмінің арқасында нағыз қорқынышты сезінеді. Сонымен қатар, «Екеуге арналған күйеу жігіт» атты жеңіл француз комедиясын тамашалай алады.

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 10.08.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Люк Бессон

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман оқиға

Рөлдерде: Дэйн ДеХаан, Кара Делевинь, Клайв Оуэн, Рианна, Итан Хоук, Херби Хэнкок, Сэм Спруэлл, Ален Шаба, Рутгер Хауэр

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Картинадағы оқиға 2700 жылы болған. Альфа ғаламшарында жердегі тұрғындарға қарсы қастандық ойластырылады. Қауіптің алдын алу үшін ғарыш арнайы агенттері Валериан мен оның жаңа серіктесі Лорелин ғаламшарға жіберіледі. Олар басты қастандық ойлаушыны таба ала ма және ғарыш апатынан Жерді құтқара ала ма екен?

 

«Аннабель қарғысы: Зұлымдықтың пайда болуы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 10.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дэвид Ф. Сандберг

Жанры: қорқынышты фильмдер, триллер, детектив

Рөлдерде: Миранда Отто, Филиппа Култхард, Стефани Сигман, Энтони ЛаПалья, Алисия Вела-Бэйли, Талита Бейтман, Лулу Уилсон, Адам Бартли, Керри О’Мэлли, Брайан Хау

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ойыншықтардың иесі және оның әйелі ауыр қайғыны бастан кешеді – екеуінің жалғыз қыздары қайтыс болады. Сүреңсіз өмірге қалайда әр беру үшін олар сопы әйел мен балалар үйіндегі қызды үйлеріне кіргізеді. Жаңа қонақтар қарғыс атқан қуыршақтың нысанасына айналады.

«Екеуге арналған күйеу жігіт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 10.08.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Рем Кериси

Жанры: комедия

Рөлдерде: Рем Кериси, Николя Дювошель, Джулия Пьятон, Сильви Тестю, Франсуа-Ксавье Демезон, Шанталь Лоби, Лионель Астье

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Матиас Алексия есімді бойжеткенмен ұзақ кездесіп жүреді. Оның таңдаған қызы күйеуге шыққысы келеді. Осы арада жігіттің ата-анасы да тойға ақша беруге дайын. Бірақ, жас жігіт үйленбей, әлі де бойдақ жүргісі келеді де, ғашығының көзіне шөп салады. Осы жағдайдан Матиас қалай құтылады екен?

 

«1 + 1. Ереже бұзу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 10.08.2017

Мемлекеті: Аргентина, 2016

Режиссері: Маркос Карневале

Жанры: драма, комедия

Рөлдерде: Оскар Мартинес, Родриго Де ла Серна, Алехандра Флейшнер, Карла Петерсон, Рита Паулс, Малена Санчес, Моника Райола, Хоакин Фламмини, Флавия Палмиеро, Франко Масини

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Филиппе – мүгедек арбасына таңылған бай кәсіпкер. Ол күтушісі ретінде кәсіби маманды емес, Тито есімді жұмыссыз жүрген жігітті таңдап алады. Бірте-бірте жас жігіт тәжірибе жинақтайды, ал басты кейіпкеріміздің өмірге деген құлшынысы қайта ояна бастайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер