«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмі қазақ тіліне дубляждалды
Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фантастикалық фильмі қазақ тіліне дубляждалды. Картина тұсаукесері Қазақстан кинематографиясы қайраткерлерінің және мәдениет пен шығармашылық интеллигенция өкілдерінің қатысуымен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде өтті.
«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмінің дубляжы режиссер Айжан Жәмшитованың жетекшілігіндегі кәсіби мамандардың көмегімен іске асты. Авторлар аудармаға және диалогтардың мағынасын түсінікті тілде жеткізуге көп уақыттарын жұмсаған. Аудармашы Нұрдәулет Затиллдың арқасында кинофантастиканың басты кейіпкерлері Майор Валериан мен Сержант Лореин Олжас Жақыпбек пен Назерке Серікболованың дауысымен сөйледі. Дыбыстауға сондай-ақ, Сырым Қашқабаев, Алтынай Нөгербек және Азамат Қанапия атсалысты. Дубляж жұмысына барлығы 25 актер қатысты.

Француз режиссері Люк Бессонның жаңа жұмысы 2700 жылдары өмір сүретін Майор Валериан (Дэйн ДеХаан) мен сержант Лореиннің (Кара Делевинь) шытырман оқиғаларын баяндайды. Сюжет бойынша олар межгалактикалық орталық – Мыңдаған ғаламшардың қаласын басып алуға қатысты қастандықтың куәсі болады. Кейіпкерлер қауіпті шайқасқа түседі, ал көрермендерді әсерлі ғарыш оқиғасы күтіп тұр.
Айта кету керек, «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» - мемлекеттік тілге аударылған 22-картина және 2017 жылы дубляждалған 5-картина болып табылады. Фантастикалық атыс-шабыс фильмінің дубляжымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Marvin» компаниясы айналысты.
Фильм кинотеатрлардан 10 тамыз күні қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
5 тамыз 2017, 02:05По триллеру было сказано, эффект превзошли ожидания. Смысл думаю как всегда спасение человечества, мира или всего. Наша любимая банальность. О да, пойдём лучше посмотрим. Без спойлеров.
Болат Кисамбаев
5 тамыз 2017, 11:11СПИСОК КАРТИН, ДУБЛИРОВАННЫХ НА КАЗАХСКИЙ. 2011 год: 1)«Көліктер-2» / «Тачки-2». (Disney – Pixar Animation Studios). 2012 год: 2)«Қара киімділер 3» / «Люди в чёрном 3» (Sony – Columbia Pictures), 3)«Батыл журек»/ «Храбрая сердцем»( Disney – Pixar Animation Studios), 4)«Жаңа Өрмекші-адам» / «Новый Человек-паук» (Sony – Columbia Pictures). 2013 год: 5)«Монстрлар Университетi» / «Университет Монстров», (Disney – Pixar Animation Studios), 6)«Жалғыз рейнджер» / «Одинокий рейнджер» (Disney – Walt Disney Pictures). 2014 год: 7)«Малифесента» (Disney – Walt Disney Pictures), 8)«Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат»/«Новый Человек-паук: Высокое напряжение»(Sony – Columbia Pictures), 9)«Галактика сақшылары» / «Стражи Галактики»(Disney – Marvel Studios Inc.). 2015 год: 10)«Золушка» / «Кулбике» (Disney – Walt Disney Pictures), 11)«Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі» / «Мстители: Эра Альтрона» (Disney – Marvel Studios Inc.), 12)«Спектр» (Sony – Columbia Pictures), 13)«Жұлдыздар соғысы 7 : Күш-қуаттың оянуы»/ «Звездные войны 7: Пробуждение силы» (Disney – Lucasfilm Ltd.). 2016 год: 14)«Алиса в Зазеркалье» / «Алиса айнаның арғы» (Disney – Walt Disney Pictures), 15)«Джунгли кітабы»/ «Книга Джунглей»(Disney – Walt Disney Pictures), 16)«Моана». (Walt Disney Animation Studios), 17)«Күріскер-Бір: Жұлдызды соғыстар хиқаясы»/«Изгой-один: Звёздные войны. Истории» (Disney – Lucasfilm Ltd.). 2017 год: 18)«Алғашқылар дәуірі» / «Время первых» (Bazelevs), 19)«Галактика сақшылары 2» / «Стражи Галактики 2» (Disney – Marvel Studios Inc.), 20)«Көліктер 3» / «Тачки 3» (Disney – Pixar Animation Studios), 21)«Өрмекші-адам: Қайта оралу»/«Человек-паук: Возвращение домой» (Sony – Columbia Pictures), 22)«Валериан және мың ғаламшар шаһары»/«Валериан и город тысячи планет» (EuropaCorp).