Хэннигэн «Американский пирог» фильмінің бірнеше бөлімі және «Как я встретил вашу маму» атты картинасы арқылы танымал. Енді TV Land компаниясының басшылығы 1996 жылы шыққан «Клую первых жен» сериалын түсіруді ойластырып отыр. Мұнда Элисон Хэннигэн ағылшын тілі мен әдебиетінің мұғалімі, аздап өлең жазатыны бар профессордың рөлін ойнайды. Ол өзінің мектеп кезіндегі дос қыздарының отбасылық өмірдегі қиындықтары туралы естігеннен кейін өз күйеуінің сезімін есепке алмастан өзін өзі дамыту үшін романтикалық саяхат жасауға бел буады. Фильмде Хэннигэнге серіктес болатын Меган Хие лти («Отчаянные домохозяйки»). Оқиға қазіргі Сан-Францизскода болады, сценарийді Ребекка Аддельман («Новенькая») жазады.