È

Канн көрсетілімінен кейін Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмі туралы алғашқы пікірлер пайда бола бастады

Канн көрсетілімінен кейін Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмі туралы алғашқы пікірлер пайда бола бастады

Желіде орыс режиссері Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмі туралы шетел баспасөзінде жазылған пікірлер пайда болды. Барлық сыншылар бірауыздан мұның үздік картина екендігін атап өтті. Әлемдік БАҚ өкілдері 70-Канн кинофестивалі байқауының алғашқы картинасы «Махаббат емес» фильмін қызыға тамашалады. «Sony Pictures Classic» компаниясы картинаның Солтүстік және Латын Америка аумағындағы айналымының құқығын сатып алды.

Көрсетілімнен соң баспасөз өкілдері режиссерге ұзақ қол соқты.

Ал польшалық журналист өзінің Twitter парақшасына байқаудың алғашқы фильмінің жоғары деңгейде болғандығын жазған. «The Guardian» басылымының танымал кино сыншысы Питер Брэдшоу драманы бес жұлдызды жоғары балмен бағалады. Ол аталмыш картинаның отбасылық өмірдің ережелерін саралап, әрдайым махаббатты бағалап отыруға, тереңнен ойлануға септігін тигізетінін айтты.

 

 

Ал басқа сыншылар Звягинцевтің драмасы тек тұрмыстық қарым-қатынастарды ғана ойлаған Ресейдегі ересек азаматтардың күнделікті өмірі бейнеленген дейді.

Фильмнің Ресейдегі және Қазақстандағы тұсаукесері 1-маусым күні болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер