Пэтти Дженкинс «Ғажайып әйел» сиквелін түсіреді
DC комиксі бойынша түсірілген «Ғажайып әйел» блокбастері шыққаннан кейін Warner студиясы комикс сиквелінің шығу күнін жариялады: 2019 жылдың 13 желтоқсаны. Бірақ, режиссер сиквелінің кім болатыны әзірге белгісіз.
Жақында Дженкинс сиквел режиссері атанып, көлемді қаржыға ие болатын келісім шарт орнатады. Сондай-ақ, режиссерлік орындағы ең жоғары қаламақы алатын болады.
Дженкинстің қаламақысы жарияланбайды, дегенмен блокбастер түсіретін режиссер бір жарымнан бастап, үш миллион долларға дейін алады.
«Ғажайып әйел» 798 миллион доллар жинап, жылдың ең көп бюджетті жобасының біріне айналды. Пэтти Дженкинс «Құбыжық» драмасы арқылы танымал болып, фильм үшін «Оскар» алған.
Ол 2003 жылы шыққан «Құбыжықтан» кейін үлкен экранға «Ғажайып әйел» арқылы қайта оралды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін