«Маймылдар аралы: Соғыс» фильмінің желісі бойынша бейнеойын пайда болмақ
Фильмдердегі қимыл-қозғалыстарды жоспарлаумен айналысатын «The Imaginarium» компаниясының құрамындағы «Imaginati» студиясы «Planet of the Apes: Last Frontier» атты шытырманға толы ойынды жарнамалады.
Ойын 2011 жылғы Маймылдар аралы туралы кинобөлімнің үшінші бөлімі болып табылатын «Маймылдар аралы: Соғыс» блокбастерінің сюжеті бойынша жасалған.
Жанкүйерлер Таулы аймақтарда соғыстан жасырынып жүрген маймылдар тобы туралы әңгімені ести алады. Олар қыстың басталуына орай Жайлауға түсуге мәжбүр болады. Жерде адамдар бар, сондықтан кикілжіңдерді айналып өту мүмкін емес.
Ойында жақсы-жаман секілді бөлу болмайды, қолданушылар екі жақ үшін де ойнай алады және көптеген ауыр шешімдерді қабылдайды.
Жаңа кинобөлімде Цезарьдің рөлін сомдаған Энди Серкис ойынның атқарушы продюсері болды.
Planet of the Apes: Last Frontier осы күзде ПК, PlayStation 4 және Xbox One құрылғыларына шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін