«Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясы бойынша карта ойындары жасалмақ
Hasbro ойыншықтар өндірушісі 11 қазан күні «Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясы бойынша жаңа үстел ойынын шығаратынын хабарлаған болатын.
Карта ойыны бойынша Kellogg компаниясының шығарған вафли карталарын көбірек тастау керек, бұл вафлилерді бірінші маусымдағы кейіпкер Милли Бобби Браун ерекше жақсы көретін.
Карта-вафлилер түрлі эффектілерге ие, ал әрбір ойыншы хикаяның бір кейіпкерінің образында болып көреді.
Картадағы күш ойыншыны Тылсым әлемге жетелеп, қорқынышты Демогоргонды шақырып, жүрісті өзгерте алады.
Басты мақсат – Демогоргон келмейінше қолдағы бар картаны тастап үлгеру.
Ойын осы күзде шығады әрі 15 доллар тұратын болады.
Үстел ойындарын шығарушылар танымал медиялық жобалар негізіндегі ойындарды алғаш рет шығарып отырған жоқ. Мысалы, осындай әдіспен «Рик и Морти» хикаясының және «Манчкин», «Монополия» және Cluedo жаңа нұсқасының негізінде жаңа ойындар жарыққа шыққан.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін