È

«614-ші тұтқынның қашуы»: Рон Перлманның қатысуындағы қылмыстық комедияның алғашқы трейлері

«614-ші тұтқынның қашуы»: Рон Перлманның қатысуындағы қылмыстық комедияның алғашқы трейлері

Saban Films студиясы режиссер Зак Голден өз сценарийі бойынша түсірген «614-ші тұтқынның қашуы» қылмыстық комедиясының алғашқы трейлерін ұсынды. Фильмнің ресми тұсаукесері биылғы ақпанда Берлиндегі халықаралық фестивальде өткен болатын. Бұл таспаның басты рөлдерін Америка киносының ардагері Рон Перлман («Хеллбой», «Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері») және Мартин Старр («Өрмекші адам: Үйге оралу», «Шақырылмаған қонақтар») сомдады. Көңіл-күй жағынан таспа ағайынды Коэндердің «Ау, ағатай, қайдасың?» танымал туындысын еске салады.

Дебютант режиссер Голденнің сюжеті негізінде шерифтің ақымақ екі көмекшісі жайлы хикая жатыр. Олар жақында түрмеден қашып кеткен тұтқынды аңдып жүреді, соны ұстап алса, бұрынғы жұмыстарына ораламыз деп ойлайды. Бірақ, сол қылмыскердің кінәсіз екендігі анықталады. Дегенмен, қылмыскерді ұстау әрбір іздерін аңдып жүрген шерифпен бетпе-бет келуден де қауіпті. Рон Перлман «614-ші тұтқынның қашуы» фильмінде сыбайлас әрі қатал шерифтің рөлін сомдайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер